Түрксіб мұрасы Семейдегі жұрттың рухани құнды дүниесіне айналды

Әлеумет
24.12.2021, 11:21
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Семей – Түрксібтің отаны деген сөз бекер айтылмаса керек. Осыдан тура он жыл бұрын Семейде құрылған «Түрксіб-Семей» қоғамдық қорының көздеген мақсаты да сол түрксібшілердің ерен еңбегін кейінгі ұрпаққа жеткізу еді. Қорды құруға бастамашы болған ардагер теміржолшы Мақсұт Көшжанов 1957 жылы еңбек жолын бастаған екен. Түрксіб темір жолын салушылардың талайымен бірге жұмыс істеген, әңгімелерін өз ауыздарынан тыңдаған. Ұлы құрылысты салуға атсалысқан теміржолшылар есімін жаңғырту үшін ол Семей бөлімшесі басшыларына қор құру идеясын ұсынып қана қоймай, оны құруға және музей ашуға мұрындық болған. Деректі фильм түсіртіп, мекемелердің тарихы жазылған қабырға тақталар, альбомдар, банерлер жасатқан.

«Түрксіб-Семей» қоғамдық қоры Семей темір жолы бөлімшесі жанынан құрылды. Мақсаты – Түрксіб темір жолының тарихын зерттеп, теміржолшылардың жанқияр еңбектерін жарыққа шығару. Бұл ретте біз темір жол тарихын зерттеп, том-том кітап шығарған танымал теміржолшы, мемлекет және қоғам қайраткері Нығметжан Есенғариннің еңбектерін басшылыққа алдық», – дейді қор құрылтайшысы М.Көшжан.

Қордың арқасында Семей бөлімшесінде көп жыл еңбек еткен танымал теміржолшыларға ескерткіш тақта тас та қойылды. 2020 жылы теміржолшылар кентіне қатынайтын 4 км жолға асфальт төселді. Бөлімше алдына 100 жылдыққа орай паровоз макетінің кескіні, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, Құрметті теміржолшылардың көрме тақталары орнатылды. Семей вагон пайдалану және локомотив пайдалану депосының алаңдарында тәжірибе құрылғылары қойылды. Семей белгі беру және байланыс дистанциясының алдына «Құрмет-даңқ» көрме тақтасы, Семей вокзалының алдына «Семей вокзалына 100 жыл» мәрмәр тақтасы орнатылды. Айта кетейік, 2015 жылы Семей темір жол бөлімшесінің 100 жылдығы қарсаңында «Түрксіб-Семей» музейі ашылды. Семей вокзалының 1928 жылғы сұлба схемасы, 1934 жылғы электрожезлді станция құрылымдары, белгі беретін қоңырау, әр түрлі фонарлар, қызыл, сары жалаулар, рельстің түрлі маркадағы кесінділері, шпал, рельс бекіткіштері, шегеқазықтар, балғалар, шпал көтеретін қысқыштар мен сүймендер, паровоздың, вагонның, жол өткелінің макеттері, т.т. жәдігер бұйымдар қатарында.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті