Мыңдаған теміржолшы сенбілікке шықты

Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі» демекші, қоршаған ортаны таза ұстаудың арқасында адамдар салауатты өмір салтын қалыптастыра алады. Көктем – тазалық айы, жаңару айы. Сондықтан бұл айда жаппай сенбілікке шығып, тазалық жұмыстарына жұмылу теміржолшылар үшін дәстүрге айналған.

Биыл да 16 және 23 сәуірде қатарынан екі сенбіде жалпықалалық сенбіліктер өтіп, оған «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының орталық аппаратының, еншілес ұйымдары мен филиалдарының қызметкерлері бір кісінің баласындай үлкен ұйымшылдықпен қатысты.

Сенбілік «Birge – taza Qazaqstan» акциясы мен көктемгі экологиялық айлық шеңберінде өтті. Көшелер мен оған қиылысқан аумақтарды қоқыстан тазартуға теміржолшылар елорданың өзге де мекеме-ұйымдарының қызметкерлерімен бірге атсалысты.

Сала еңбеккерлері сыпырғыш, тырма, күрек және қап сияқты «бес қаруларын» сайлап алып, Қосшы тас жолын, айналма жолдың оң жағы мен сол жағына қоса «Гарден Вилладж» коттеджі қалашығының бұрылысына дейін, сондай-ақ Д.Қонаев көшесінде орналасқан әкімшілік ғимараттарға іргелес аумақты, Гете 9/1 көшесі, Жеңіс даңғылы 42, «Теміржолшылар» тұрғын алабы және «Ангар» өндірістік учаскесі мен Жеңіс даңғылы, 39/1 аумақтарын шөп-шалам мен қоқыстардан тазартты. Бұл аталған аумақтағы жұмыстарға барлығы 1000-нан астам адам қатысты.

Көктемгі сенбіліктер – теміржол қызметкерлері үшін дәстүрге айналған іс-шара. Қолайлы ауа-райы мен ұйымшыл ұжымның жұмыла жасаған еңбегі сенбілікке қатысушыларға нағыз көктемгі көңіл-күй мен белсенді іс-қимыл сыйлады.

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл