Машинажасау: саланың даму серпіні

Әлеумет
17.09.2019, 09:42
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

VII Қазақстан машина жасаушылар форумы шеңберінде екінші күні өткен секциялық мәжілістердің бірі – теміржол машина жасау саласын әрі қарай дамыту тақырыбына арналды. Бұл шарада «ҚТЖ» ҰК» АҚ Техникалық орталығының бас менеджері Аян Кәрібжанов өндірістік активтерді, жаңа сериялы жылжымалы құрамдарды енгізу және инфрақұрылымдық нысандарды жаңғырту бойынша Ұлттық компания іске асырып жатқан саясаттан хабардар етті.

 «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы халықтың іскерлік белсенді деңгейін және де уақытты үнемдеумен қатар мейлінше қолайлы және сапалы көлік құралын пайдалануға ынта білдірген заманауи жолаушының таңдауларын ескере отырып, 2003 жылдан бастап Тальго компаниясының жүрдек пойыздарын кезең-кезеңмен іске қоса бастаған. Ал 2013 жылы «ТұлпарТальго» зауытының базасында Patentes Talgom S.L испан компаниясының технологиясы бойынша жолаушылар вагондарының құрылысы басталған. Бүгінде жолаушылар вагондары паркінде 2121 вагон бар болса, соның 870-і жаңартылған. Оның 672-сі елімізде әлеуметтік маңызды тасымалды қамтамасыз етіп отырған жүрдек вагондар «Тұлпар-Тальго» ЖШС өнімі болып отыр. Ал жүк және тартымдық жылжымалы құрамға қатысты техникалық саясатқа келсек, бұл бағытта да жаңғырту жұмыстары белсенді жүргізіліп жатқанын байқаймыз. Мәселен, магистральдық локомотивтер паркін құрайтын 1689 локомотивтің бүгінде 609 бірлігі жаңартылып және жаңғыртылған. Ең үлкен жетістік, елімізде ТЭ33А және ТЭП33А сериялы магистральдық тепловоздардың, KZ8A жүк электровозы мен KZ4AT жолаушылар электровоздары өндірісінің игерілуі. Ал 2019 жылдың соңына қарай жаңа сериялы маневрлік тепловозының екеуі шықпақ, бұл өз кезегінде Компания талаптарына сәйкес келетін негізгі локомотивтер тізбегін қалыптастырмақ.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Техникалық ор талығының бас менеджері Аян Кәрібжановтың айтуынша, Компанияда эксплуатациялық сипаттамасы жақсартылған жүк вагондарына қатысты Техникалық талаптар бекітілген. Айталық, ашық вагондардың жүк көтергіштігі 75 тоннаға дейін, цистерналар көлемі 88 текше метрге дейін, жабық вагондар көлемі 175 текше метрге дейін, ал жөндеуаралық мерзімі 8 жылға дейін ұлғайтылған. «Сонымен қатар ҚР Премьер-министрінің 2019 жылдың 26 маусымдағы №115Р бұйрығымен бекітілген 2019-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының машина жасау саласын дамытудың кешенді жоспарын жүзеге асыру шеңберінде жаңа типтегі жүк вагондарын жаңарту көзделіп отыр» деп тың ақпаратпен бөлісті спикер.

Кәріпжановтың мәліметінше, Кешенді жоспар шеңберінде Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар аясында қозғалыс жылдамдығын 140 км/сағатқа дейін көтере алатын, жүк вагондарының дәнекерленген конструкциялы арбасының техникалық құжаттамасын әзірлеу қарастырылған. Ал арбаның дәнекерленген конструкциясы барлық еуропалық жүк вагондарының базалық тенді болып табылады екен. Және де аталған арбаға құжаттама барлық еуропалық өндірушілерге абоненттік төлемақыға шектеу қойылмай қолжетімді көрінеді. Осылайша, барлық еуропалық өндірушілер жаңағы арба типіне көшкен. Ал «1520» жол табанында дәнекерленген арбаны тек жоғары бағдарлық жылдамдығы тәулігіне 2000-2500 км-ні құрайтын бағдарларға ғана қолдану орынды деп табылып отыр. Осыған қатысты тиімді бір келісімге қол жеткізілген көрінеді. «Германияның Transtec компаниясымен жөндеуаралық жүрісі 1 млн километрді немесе 10 жылды құрайтын параметрлері бар 1520 жол табаны нормаларына сай бейімделген екіэлементі дәнекерленген арбаларды енгізуге алдын ала техникалық-экономикалық бағалау жүргізу туралы келісімге қол жеткізілді. Бұл техникалық шешім жүк қозғалысындағы жылдамдыққа қатысты қазіргі шешімдерді алып тастап, рұқсат етілген жылдамдық шегін жолаушылар деңгейіне дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар дәнекерленген арбаларды қолдану вагондарды жоспарлы алдын алу жұмыстарынан бас тартып, тежегіш жабдығына, дөңгелектерге, подшипниктерге ревизия жүргізе отырып, нақты жағдайы бойынша жөндеуге көшу, сондай-ақ, қызмет көрсету персоналын, қосалқы бөлшектерді, аспаптарды, тағысын тағы қажетті дүниелерді таратуды тиімді жоспарлауға бағытталған бірқатар артықшылықтарды пайдалана отырып, шығыс материалдарын алмастыруға мүмкіндік бермек», – дейді Техникалық орталық бас менеджері.

Инфрақұрылым саласындағы техникалық саясат екі негізгі бағытты қамтып отыр: біріншісі, инфрақұрылымды кешенді жаңғырту, екіншісі инфрақұрылымды жөндеу және техникалық қызмет көрсету жүйелерін жетілдіру. Инфрақұрылымды кешенді жаңғырту бағытына келсек, ол берік рельстік бекітпелері бар түйіспесіз құрылымдарға көшуге, теміржолдың автоматика, телемеханика және байланыс сияқты релелік жүйелерін сандық технологиялар базасындағы жүйелерге алмастыруға, жоғарыжылдамдықтағы байланыс каналдарын енгізуге, сондайақ, тартымдық қосалқы станциялар мен байланыс желілерін жаңғыртуға негізделген.

«Осы ретте, өндірістік активтердің тиімділігін, сенімділігі және қолжетімділігін арттыру аясында «Техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді басқарудың жаңа моделін енгізу» жобасының жүзеге асып жатқанын атап өтер едік. Бұл жоба активтердің өмірлік циклының шығындарына жасалған анализ, сондай-ақ, әрбір жабдық бірлігі бойынша материалдар мен жұмыстың барлық түріне кеткен шығындардың жеке есебі негізінде шығындардың тиімділігін басқару бойынша міндеттердің шешімін табатын болады. Демек, өндірістік активтерді басқару жоспарлы-алдын алу жүйесінен нақты жағдайын бағалау және сенімділік көрсеткіштеріне сүйенген жөндеу түріне көшуге ықпал етпек. Бүгінде жол шаруашылығы бойынша осындай бір алғашқы қадамды «МДК» автоматтандырылған диагностикалық кешендерін пайдалану жұмыстарынан көреміз», – деп түйіндеді сөзін Аян Кәрібжанов.

Қауіпсіздік
04.03.2026
Шымкентте теміржолдағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселесі талқыланды
Әлемде
04.03.2026
Белград-Будапешт жоғары жылдамдықты желісі жүк тасымалы үшін қолданысқа берілді
Жаңалықтар
04.03.2026
Теміржол инфрақұрылымын су тасқыны кезеңіне дайындау мәселелері талқыланды
Жүк тасымалы
04.03.2026
Қытай-Еуропа теміржол тасымалының әлеуеті артпақ
Жаңалықтар
04.03.2026
Теміржол саласын жаңғыртудағы әйелдердің рөлі
Жаңалықтар
03.03.2026
ҚТЖ мен Wabtec стратегиялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Аймақтар
03.03.2026
Ел дамуының стратегиялық бағыты
Жүк тасымалы
03.03.2026
Алашаңқайдың әлеуеті артқан
Аймақтар
03.03.2026
Маңғыстау локомотив депосы жаңа тепловоздармен толықты
Аймақтар
03.03.2026
Электр желілері мен байланыс жүйесі жаңартылды
Аймақтар
03.03.2026
Тараз станциясында еңбек қауіпсіздігіне арналған тренинг өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
03.03.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №16 03 наурыз 2026 жыл
Жаңалықтар
02.03.2026
ҚТЖ-да қозғалыс қауіпсіздігі мен өндірістік көрсеткіштер оң динамика көрсетуде
Аймақтар
02.03.2026
Шар станциясында «Заң керуені» республикалық акциясы өтті
ҚТЖ келбеті
02.03.2026
Тәжірибелі тәлімгер
Қауіпсіздік
02.03.2026
Павлодарда 300-ге жуық адам жол ережесін бұзған
Спорт
02.03.2026
Бейнеуде теміржолшылар арасында спорттық жарыс өтті
Қауіпсіздік
02.03.2026
Шиеліде оқушыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
02.03.2026
Су тасқынына дайындық күшейтілді
Әлемде
02.03.2026
Литвада Stadler компаниясының түйіспелі-аккумуляторлы пойызы сынақтан өтуде