Атырауда спорт төрешісінінің құрметіне шағын футболдан жарыс өтті

Спорт
19.04.2022, 11:47
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атыраулықтар спорт ардагері, футболдан ұлттық санаттағы төреші Камали Иманғазиевті ұмытпайды. 15 сәуір күні өңір теміржолшылары арасында шағын футболдан өткен турнир спортшы-төрешіні еске алуға арналды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Иманғазиев Камали Қалиұлы 1930 жылы 15 сәуірде Гурьев қаласында дүниеге келген. Алғашқы еңбек жолын 1944 жылы 14 жасында жол құрылысы және жөндеу мекемесінде бастаған. 1950 жылы әскер қатарына шақырылып, әскери борышын өтейді. Бала кезінен спортқұмар боп өскен ол 1954 жылы «Спартак» қоғамына, ал 1959 жылы Қазақ темір жолының Гурьев бөлімшесіне спорт әдіскері болып жұмысқа орналасады. Ол кезде темір жолда спортқа ерекше көңіл бөлінетін болған. Қай мекемеде де жұмысшылар арасында түрлі спорттық жарыстар тұрақты өткізілетін. «Локомотив» спорт клубын басқарған Иманғазиев сол жарыстарды ұйымдастырып, өткізу жұмыстарының бел ортасында жүрді.

1967 жылы ол футболдан республикалық дәрежедегі төреші атағын иеленеді. 1977 жылы Батыс Қазақстан темір жолы Гурьев бөлімшесінде спорт бөлімінің басшысы болды. Сол жылдары өңір теміржолының спорт саласын дамытуға, теміржолшылардан мықты спортшылар дайындап шығаруға үлкен еңбек сіңірді. Соның ішінде бөлімше теміржолшылары футболдан зор жетістіктерге жетіп жүрді.

Турнирге жеті команда қатысты. Қазылар алқасының шешімімен бірінші орынды Атырау локомотив пайдалану депосы, екінші орынды Атырау вагон жөндеу депосы, ал үшінші орынды Транстелеком командасы жеңіп алды. Барлық командаларға бағалы сыйлықтар табыс етіліп, арнайы дипломға ие болды.

Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды