Атырауда зейнеткерлер арасында дойбыдан бәсеке ұйымдастырылды

Спорт
20.05.2022, 11:06
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Биыл елімізде ардагерлер ұйымының құрылғанына да 30 жыл толып отыр. Соған орай Атырау темір жолы мен кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен ардагер-зейнеткерлер арасында дойбыдан жарыс өтті.

Бөлімше ардагерлері кеңесінің мұрындық болуымен сайысқа жол жөндеу, белгі беру-байланыс дистанциясы, локомотив және вагон деполары, қозғалыс шаруашылығы саласында еңбек еткен зейнеткерлер қатысты.

– Биыл Қазақстан теміржолшылары кәсіподағының құрылғанына отыз жыл, сонымен қатар республикалық ардагерлер кеңесінің құрылғанына да 30 жыл толып отыр екен. Соған орай дойбықұмар қарттарымыздың арасында жарыс өткізуді ұйғардық. Қарттарымыздың біразы келді, ойын ойнап, одан бөлек дастархан басында әңгіме-дүкен құрып, өткен-кеткенді айтысып мәре-сәре болды. Екі жылдай уақыт пандемияға байланысты мұндай шараларды өткізе алмадық. Енді алға қарай жалғастырамыз деген жоспарымыз бар, – дейді бөлімше ардагерлері кеңесінің төрағасы Хамидолла Айтимов.

Атырау магистральдық желі бөлімшесінің басшысы Елеубай Сапаров та ардагерлермен бірге болып, ойындарын тамашалап, қарияларды өлке темір жолында бүгінгі күні жасалып жатқан өзгерістерден хабардар етті. Айтуынша, дойбы ойнай білу де өнер. Бүгінде оны тек осындай көнекөз қарттар ғана дұрыс ойнайтын болды, бүгінгі ойында оған тағы да көз жеткізген.

Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі 1-орынды бұрынғы локомотивші Асқар Жүгенбаев, 2-орынды диспетчер болған Мәлік Бисенғалиев иеленсе, 3-орынды байланыс саласында істеген Роза Өтеғалиева мен Нурадин Кабдиров өзара бөлісті. Жүлделі орын иелеріне арнайы сыйлықтар беріліп, басқа қатысушылар да сый-сияпатсыз қалмады.

Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды