Спартакиада жалғасып жатыр

Спорт
26.11.2019, 07:39

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында жыл сайын ұлттық компания филиалдары мен Орталық аппараты және еншілес ұйымдары қызметкерлерінің арасында өтетін Спартакиада өткен демалыс күндері шахмат және үстел теннисі бойынша жалғасын тапты.

Сенбі күні Теннис орталығына жиналған 23 теміржолшылар командасы 7 ішкі топқа бөлініп ойнады. Соның ішінде 5 ішкі топта 3 команда, 2 ішкі топта 4 команда өзара жарысты, алдын ала ойындар бойынша шеңбер жүйесімен командалар жарысты бастады. Әр команда, яғни әр мекемеден 2 ер, 1 әйелден қатысты.

– Алдын ала ойындарда 3,4-ші орынды алғандар 12 ұпайдан жинап, әрі қарай басқа ішкі топтарда 1,2 орын алған командалармен жарысты. Одан әрі 14 команда арасында жарыс өтті. Содан жеңіліп қалған командалар 12 ұпай жинап, ойыннан шықты. Ойын 7 команда арасында жалғасып, Транстелеком командасында бірден 1-4 орын үшін тартысқа түсу бақыты бұйырды. Олар бірден финалға шықты. Алғашқы 1-8 орын үшін ГЦУС, яғни байланысты басқарудың бас орталығы мен ЦДАЦ, яғни автоматтандыру және цифрландыру департаменті, ЦТБ, яғни бизнес трансформациялау орталығы мен корпоративтік орталық және ЭКЗ мен ЦЖС, яғни магистральдық желі дирекциясы таласты. Мұнда 6,5 ұпайды ГЦУС және Корпоративтік орталық және ЭКЗ алды. Барлық ойындар үш партиядан өтті. Финалда алғашқы төртінші орын үшін Транстелеком, ЦЖС, ЦТБ және Цдац командалары ойнады. Жеңілген командалар 3,4-ші орын үшін таласты, олар Транстелеком мен ЦЖС. Ал бірінші және екінші орындар үшін Цдац пен ЦТБ күресті. Финалда ойындар 5 партиядан тұрды. Қорытындысында ЦТБ бірінші орын, ЦДАЦ мекемесі екінші орын және Магистральдық желі дирекциясы филиалы үшінші орынды иеленді, – дейді менеджер.


Ақмола Жүк тасымалы бөлімшесінің бірыңғай диспетчерлік басқару орталығының директоры Әбілхан Дакенов – теннистен өтетін жарыстарға көптен бері қатысып келе жатқан кәнігі ойыншылардың бірі.

– Екі ойын ойнадық, ұттық. Бірінші ойынды «ҚТЖ-ЖТ» АҚ командасымен ойнадық. Екінші ойын ПЧ-17 командасымен өтті. Қазір үшінші ойынды «Қамқор менеджмент» командасымен ойнаймыз. Ішкі топтарда 4 команда болады, соның үшеуімен ойнайсың. Одан ұтқан соң әр топтан екі командадан шығады, солар бір-бірімен ойнайды. Группадан шыққаннан кейін ұтылғандар ұша береді. Икемі бар балаларды аламыз. Бұл ойынға ең бастысы ептілік, шапшаңдық, тәжірибе керек. Көп ойнамасаң қол шығып кетеді, – дейді ол.

Әйелдер арасынан теннисшілердің бірі – Орталық аппарат қауіпсіздік орталығының диспетчері Айнажан Айдарова бұл жарысқа 4 жыл бойы қатысып келеді. «Спортпен айналысып, дене шынықтырған ұнайды. Корпоративтік рухты көтеруге жақсы. Бір жақсысы, біздің компанияда осы жағы жақсы қарастырылған. Көп жерлерге теннис үстелін қойып қойған, түскі мезгілде ойнап тұрамыз. Бұл жолы қарсыласымыз локомотившілер және ЦЖС болды. Бір ойынды ұтып, екіншісінен ұтылып қалдық», – дейді диспетчер.

Теннистен жеңімпаз болған команда ойыншыларын атап өтсек, бизнес трансформациялау орталығының қызметкерлері Нұрбол Нұрғалиев, Мадина Рахимова, Данияр Нұртайлақов бірінші орын алған команда ойыншылары болса, екінші жүлде алған ЦДАЦ ойыншылары Ерлан Имонияров, Қазыбек Нұрлыбаев және Мақпал Жапарова болды. Сонымен бірге үшінші орынды иеленген Магистральдық желі дирекциясы қызметкерлері – Қуат Сыздықов, Марат Сәтенов, Индира Бекетова. Жексенбі күні Шахмат орталығында өткен ақыл-ой ұшқырлығы бойынша жарысқа 19 команда қатысты. Әр команда 2 ер, 1 әйелден құралды. Командалар арасында ойын компьютерлік жеребе арқылы анықталды. Жарыс 7 турдан тұрды. Нәтижесінде, командалық есепте Андрей Степанцев, Бауыржан Бекетаев, Аида Иманбаева сынды ойыншылардан құралған «КТZ Экспресс» командасы 1-орын, Ерлан Дүйсеков, Андрей Марусов, Жұлдызай Көшербаева сынды теміржолшы теннисшілерден құралған Кедентранссервис 2-орын және Александр Ким, Нұржан Кенбай, Назира Байсейітова сынды ойыншылар құраған «Жолаушылар тасымалы» АҚ үшінші орын алды. Сонымен қатар, шахмат жарысында жеке ойыншылар арасындағы біріншілік үшін де нәтижелер ескерілді. Сонымен бірінші тақта бойынша бірінші орынды Әнуар Уракаев алса, екінші, үшінші орындар Андрей Степанцев пен Данияр Касаевқа берілді.

Ал екінші тақтаның ойыншылары арасынан сәйкесінше Бауыржан Бекетаев, Жұмабек Бисалиев, Асқат Қанафин жүлделі орындар алды. Сонымен қатар әйелдер арасындағы үшінші тақтада Гаухар Наримбаева, Диляра Исамадиева, Жұлдызай Көшербаева жүлдегер атанды. Шахмат пен теннистен жеңімпаз командалар дипломдармен, жеке ойыншылар грамота және медальдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Әлемде
12.05.2026
Лондон мен Швейцария арасында тікелей пойыз қатынайтын болады
Аймақтар
12.05.2026
Маңғыстау теміржолының аңызы – Жолдас Жетібай туралы бір үзік сыр
Жаңалықтар
12.05.2026
Теміржолшылар бейнесі ҚТЖ-ның LED-экранында
Аймақтар
12.05.2026
Шиелі станциясының жұмысы жаңа деңгейге шықты
Жолаушылар тасымалы
12.05.2026
Қарағанды – Балқаш бағытында қосымша пойыздар шығады
Әлемде
12.05.2026
Stadler компаниясы Дублин - Белфаст бағыты үшін гибридті пойыздар шығарады
Инфрақұрылым
11.05.2026
Түркістан облысында ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының жүзеге асырылу барысы тексерілді
Жаңалықтар
09.05.2026
Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновтың Отан қорғаушы күні және Жеңіс күні мерекелеріне орай құттықтауы
Жаңалықтар
09.05.2026
Көлік министрлігінде вокзалдарды жаңғырту бойынша өңірлер мен ҚТЖ есебі тыңдалды
Жолаушылар тасымалы
09.05.2026
Елордада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты
Жүк тасымалы
08.05.2026
Алғаш рет Орта дәліз бойынша кері жүктеу ұйымдастырылды: Контейнерлік пойыз Түркиядан Қазақстан арқылы Қытайға жөнелтілді.
Аймақтар
08.05.2026
Өскемендік теміржолшылар 101 жастағы ардагер Александра Саратовцеваны құттықтады
Аймақтар
08.05.2026
Майдангер Иван Макеевке құрмет көрсетілді
Аймақтар
08.05.2026
Маңғыстауда тыл ардагері Нұрғали Төлеповке ескерткіш тақта ашылды
Жаңалықтар
08.05.2026
Талғат Алдыбергенов 100 жастағы ардагер-теміржолшыны Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтады
Жаңалықтар
08.05.2026
Теміржол вокзалындағы тәртіп сақшысы
Әлемде
08.05.2026
Ташкент вагон жасау зауыты биыл Ресейге 42 жолаушы вагонын жеткізуді жоспарлап отыр
Әлемде
08.05.2026
Қытайдан Ауғанстанға жаңа контейнерлік бағыт іске қосылды
Жаңалықтар
07.05.2026
Талғат Алдыбергенов Ерейментау вокзалы құрылысының барысын тексерді
Жаңалықтар
06.05.2026
Ұрпақтар байланысы: ҚТЖ ардагерлері немерелерімен Отан қорғаушыларды еске алды