Түркістан станциясы 9 айда жұмыскерлердің өндірістік жарақат алуына жол берген жоқ

Станция тынысы
02.11.2021, 11:22
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Түркістан станциясы үш тоқсанды апатсыз-ақаусыз, өндірістік жарақат алу оқиғаларына жол бермей қорытындылады. Жоспарларды межеге жеткізіп орындай білді. Зиянды, ауыр және қауырт еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмысшылар тарапынан да ешқандай шағым мен төтенше оқиғалар болған жоқ. Теміржолшылар арнайы жылы киіммен және аяқ киіммен жүз пайыз қамтамасыз етілген.

«Қызметкерлердің санитарлық-тұрмыстық жағдайлары нормалар мен талаптарға сәйкес. Бекеттерде жуынатын бөлмелер, санитарлық тораптар, арнайы киімді кептіру және тамақтану бөлмелері жұмыс істеп тұр, қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған, оларға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді», – дейді еңбек қорғау инженері Ләззат Рысбаева.

Айтуынша, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігімен тікелей байланысты жауапты қызметкерлердің міндетті жеке медициналық карталарымен қамтылып, міндетті мерзімдік медициналық тексеруден өткен. Ауысым алдындағы медициналық тексеруден өту де тұрақты жолға қойылған. Ауысым сайын қозғалыс жылдамдығын реттеушілер, пойыз құрастырушылар, маневрлік диспетчерлер медициналық тексеруден өтеді. Қызметкерлерді жұмысқа жіберу, олардың медициналық куәландыру нәтижелері бар арнайы кітапша бар. Жүк тасымалының талапқа сай әрі қауіпсіз болуы үшін әрбір теміржолшының кәсіби әзірлігі қажет. Сондықтан, станция басшылары аяқ астынан тексеру кестесіне сәйкес технологиялық процестерді орындау кезінде қызметкерлердің қауіпсіз еңбек тәсілдерін ұстанып, жұмыс орындарында жеке қауіпсіздік техникасын сақтауына және еңбекті қорғау нормаларының қамтамасыз етілуіне бақылау жасап, «Жолда адам» ақпарат жүйесі талаптарының бұзылмауын, қауіпті жұмыс орындарын қоршау, қызметтік өту жолдары мен ескерту белгілерінің бар- жоғын тексерді.

«Осы тексерістер барысында ғимаратты күрделі жөндеу туралы үш ескерту берілді, алайда қаржыға байланысты ол орындалмай тұр. Ал мінез-құлық диалогын өткізу кестесіне сәйкес 34 жеңіл жарақат, 1 ауыр жарақат қаупі анықталды. Осы тәуекелдер бойынша анықталған сәйкессіздіктерді жою, оны түзету іс-қимылдарының жоспары жасалды», – дейді Л.Рысбаева.

Қазір станция ұжымы тамыз айынан желтоқсанның соңына дейін «2021 жылдың екінші жартыжылдығын өлім-жітімсіз өткізу» ұранымен еңбек етуде. Соған орай түрлі еңбек қорғау бойынша іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізіліп жатыр екен. Қауіпсіздік айлығы барысында техникалық сабақтар өтіп, қозғалыс шаруашылығында өткен жылы жіберілген жарақат жағдайлары зерттелуде. Сондай-ақ бір жыл, жарты жыл жұмыс өтілі бар жас қызметкерлермен жұмыстың қауіпсіз әдістері бойынша қосымша техникалық сабақтар өткізіліп, оларға нұсқаулықтар, технологиялық процестер жіті түсіндіріліп, үйретілуде. Барлық бекеттерде іс-шараны өткізу туралы аншлагтар және 2021 жылғы жазатайым оқиғалар жөніндегі материалдар «Бұл қайталанбауы тиіс» деген тақырыппен көрнекі жерлерге ілінген. Биыл «Экологиялық мәдениет жылы» болып жарияланғандықтан бұл шарадан Түркістан станциясы да тыс қалмады. «Батарейканы тапсыр – кірпіні құтқар» жобасын іске асыру шеңберінде ғимараттарда істен шыққан батарейкаларды жинау және уақытша сақтау үшін арнайы жәшіктер орнатылды. Оларды жыл соңында әрі қарай қайта өңдеу және кәдеге жарату үшін тиісті орындарға тапсырады. Қалдықтарды шығару да «Түркістан Жарық-Тазалық» ЖШС арқылы уақытылы жүзеге асырылуда.

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты