Жастар станциясының бүгінгі тіршілігі

Станция тынысы
05.02.2024, 13:03
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл теміржолына қарайтын Жастар станциясына жолымыз түсті. Мақсатымыз – санаулы ғана адам еңбек ететін шалғайдағы шағын станция жұмысымен танысу. «Жақсыны көрмек үшін» демекші, өткен жылы осы станцияға жеткізілген модульдік үйдің игілігін теміржолшылар қалай пайдаланып отыр, оны да көзбен көріп қайтпақпыз.

Шу – Мойынты телімінің бойындағы ірі станция Сарышағаннан пойыздан түсіп, әрі қарай автокөлікпен жол тарттық. Екі ортадағы арақашықтық 70 шақырымдай. Арада салынып жатқан «Балқаш-Бурылбайтал» тас жолының кейбір учаскелерінде құрылыс жұмыстары әлі аяқталмаған. Жеңіл көлікпен жүйткіп, тез жетемін дегеннің өзінде әрі-бері бір сағат анық кетеді.  

  

Жастар станциясының бастығы Нұрсұлтан Бөлдеш шағын бекеттің шаруасымен, ауысыммен жұмыс істейтін теміржолшылармен таныстырды. Күнделікті қажеттілігіне қарай 2-3 адам кезекшілікке шығады екен. Жалпы 3 кезекші, 5 механик жұмыс істейді. Олардың көбі Сарышаған секілді жан-жақтағы елдімекендерден қатынайды екен.  

– Тұрғын үйлер аз болғандықтан, Жастар станциясына қазір жолаушылар пойызы тоқтамайды. Солтүстік пен оңтүстікке қатынайтын жергілікті пойыздар, №113 «Алматы-Қазан» пойызы ғана тоқтап өтеді. Шағын болса да күрежолдың бойында, қозғалыс қауіпсіздігіне үлкен станциялармен бірдей жауаптымыз. Сондықтан станцияда тәулік бойы кезекшілік ететін теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуы аса маңызды. Бұрын олар жатақханаға барып жататын. Кейін ары-бері қатынау қиындық туғызған соң, станциядан бір бөлмені арнайы жабдықтап бердік. Дәлізге стол қойып, сонда тамақтанатын. Өткен жылы анау тұрған модульдік үй келіп, қазір соның бәрі шешімін тапты, – дейді Нұрсұлтан Бөлдеш.

Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі басшылығы былтыр қараша айында алынған үш модульдік үйдің біреуін Сарышаған белгі беру және байланыс дистанциясына беріп, олар өз кезегінде желтоқсан айында оны шалғайдағы осы Жастар станциясына қойыпты. 2022 жылы екеуін алып, олар Навалы мен Көктас станцияларына қойылған болатын.  

 Біз келгенде сенбі-жексенбіге ауысымға келген кезекші мен электрмеханик модульдік үйдегі орталық су жүйесіне жалғанған бөшкеге су толтырып жатты. Станцияға ауыз су күн сайын тасымалданып жеткізіледі демесеңіз, арнайы ыдысқа құйған соң, әрі қарай бәрі автоматтандырылған. Душтан да, краннан да ыстық-суық су үзілмейді екен.

– Былтырғы желтоқсанда 4 адамға арналған осы модульдік үй келіп, жанымыз кіріп қалды. Шағын ғана болса да ішінде жанға қажеттің бәрі бар.  Тоңазытқыш, қысқатолқынды пеш, екі электр пеші, теледидар, қолжуғыш пен душ дейсіз бе, бір сөзбен айтқанда жан шақырып, жағдайымыз жақсарып қалды. Теледидар ютубқа қосылған, интернет байланысы жақсы. Кондиционерге дейін қойып берді. Жаздың аптап ыстығында тіпті рахат болатын болды. Шүкір, теміржолшылардың тұрмыс және еңбек жағдайын жақсартуға кейінгі жылдары көп көңіл бөлініп келеді, біз де міне игілігін көріп отырмыз, – дейді түскі астың қамын жасап жатқан электрмеханик Қадырхан Майбасов.

Әрине, жағдай жайлы болған соң, жұмысқа деген жауапкершілік те, ынта да басқаша болады. Теміржолшылар  аз уақыт ішінде «өз үй – өлең төсегіне» айналып үлгерген осы бір ұядай үйге көңіл бөліп, ауыстырып ұстайтын 8 төсек-орын мен ас үй жабдықтарын таза ұстауға тырысады.    

Сарышаған белгі беру және байланыс дистанциясының бас инженері Мақсат Исаев былтыр қараша айының соңында үш модульдік үй жеткізілгенін айтты. «Біреуінің құны 9,5 миллион теңгені құрайды. Шағын, қолайлы да жайлы үй. Ішінде керектінің бәрі бар. Биыл алған үшеудің бірін осы Жастарға бердік, қалған екеуін де дайындап қойдық. Оларды Шешенқара, Ақжолтай станцияларына орнататын боламыз», – дейді Мақсат Сейдалыұлы.

 

Қауіпсіздік
29.04.2026
Еңбекті қорғауда ешқандай қысымға жол жоқ
Жолаушылар тасымалы
29.04.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 3 млн-нан астам жолаушы тасымалданды
Әлемде
29.04.2026
АҚШ өткелдердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 1,1 миллиард доллардан астам қаржы бөлмек
Жаңалықтар
29.04.2026
Теміржол өткелдерінде орын алған жол-көлік оқиғалары саны азайды
Жаңалықтар
29.04.2026
Теміржолды кесіп өткен 18 мыңнан астам адам жауапқа тартылды
Аймақтар
28.04.2026
Көлік полицейлері вокзалда жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетті
Әлемде
28.04.2026
Индонезияда екі пойыз соқтығысып, 14 адам қаза тапты
Инфрақұрылым
28.04.2026
Басты көрсеткіш – сапа
Инфрақұрылым
28.04.2026
ТХКБ: Ортақ мүдделердің тоғысуы
Жаңалықтар
28.04.2026
Вице-министр Ж. Тайжанов Орынборда теміржол инфрақұрылымын дамыту мәселелерін талқылады
Қауіпсіздік
28.04.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Жүк тасымалы
28.04.2026
Транзитті дамытудың маңызды факторлары
Қауіпсіздік
28.04.2026
Жамбылдық теміржолшылардың қауіпсіздік ұстанымы
ҚТЖ келбеті
28.04.2026
Танымал тұлғаның тағлымды жолы
Аймақтар
28.04.2026
Еңбекті қорғау күні: Маңғыстауда теміржолшы Нұрболат Жасановты еске алу турнирі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
28.04.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №32-33 28 сәуір 2026 жыл
Аймақтар
27.04.2026
«Қазақстанда жасалған» вагондарға сұраныс бар
Аймақтар
27.04.2026
Машинистер білімін арттыруда
Әлемде
27.04.2026
Ресейде теміржол өткелдеріндегі жол-көлік оқиғаларының саны 51%-ға өсті
Жаңалықтар
27.04.2026
Қонаев станциясында адам саудасына қарсы акция өтті
MyQaz.kz