Тереңөзек көгілдір отынға көшті

Станция тынысы
02.03.2021, 09:27
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда өңіріндегі Құмкөл мұнай кенішінің көгілдір отынын аймақ тұрғындары бірнеше жылдан бері тұрмыстық қажеттілікке пайдаланып, игілігін көріп келеді. Аймақты әр кезеңмен газбен қамту жобасының кезегі биыл Тереңөзек ауданына келіп жетті. Аталған станциядағы электрлік орталықтандыру қосыны түгелімен көгілдір отынға қосылды. Теміржолшылардың санитарлық жағдайын жақсарту және оларға әсер етуі ықти- мал зиянды факторлардың алдын алу, қоршаған ортаның ластануын азайту мақсатында ЭЦ қосынын көгілдір отынға көшіру жұмыстарын Теміржол- су-Қызылорда мекемесінің ұжымы сәтті атқарып шықты. Бұған дейін бұл мекеме қыстың кейбір аязды күндерінде тәулігіне тоннаға жуық көмір жағып тұтынушыларын жылумен қамтып келген болатын. Жақсы жаңалықты ести сала Тереңөзек станциясындағы газ қазандығының жұмысын көруге арнайы бардық. – Міне, көріп тұрғаны- ңыздай, жылу қазандығына жалғанған газ құбырынан немесе жалпы бөлмедегі газ құбырларынан сыздықтап газ қашқан уақытта жүйеге орна- ластырылған газ анализаторы автоматты түрде іске қосылып, дабыл құрылғысы шиқылдап, сигнал береді. Осы кезде ав- томатты түрде газ құбырын- дағы клапан-тығын жабылады да құбырдан пешке газдың берілуін жауып тастайды. Бұл қауіпсіздік дабылы және де ол ақау орнына келтірілгенше құбыр арқылы газдың берілуін шектейді, – деді құбырға орналастырылған құрылғылардың жұмысын түсіндірген телім шебері Абзал Кәрібаев. Кореялық өнім STS-2000 типті «Чеиль бойлер» жылыту қондырғысы негізінен 3 мың шаршы метр аумақты жылы- туға қауқарлы екен. Мекеменің инвестициялық бағдарламасы- на орай қолданысқа берілген «Чеиль бойлер» пеші Тереңөзек станциясындағы 3 қабатты ЭЦ қосынына 450-500С өлшеміндегі жылуды құбырлар арқылы таратып тұр. Егер ауа тем- пературасы күрт төмендеген жағдайда қазандықтың жылу температурасын 850-900С дейін ысытуға мүмкіндігі бар екен. Қазандықтың көгілдір отынға ауыстырылуына байланысты арнайы дайындықтан өткізілген машинист от жағушылардың бірі кезекті кезекшілігін атқаруда екен. – Біз ауысыммен жұмыс жасаймыз. Қауіпсіздік ша- раларын сақтау мақсатында ауысым алдында газ құбыр- ларын арнайы сұйықтықпен тексеріп қабылдап аламыз. Сонымен қатар жылыту жүйесіне жалғанған өндірістік қуаты минутына 2900 шамасындағы Wilo және К-20/30 сорғыларын, жылу қазандығының көрсеткіш құралдарын тексеріп қабылдап алып, сол қалпында ауысымды тапсырамыз. Егер көрсеткіш тетіктерінде өзгеріс орын алған жағдайда тиісті мамандарға хабарласып, өзгерісті арнайы тіркеп отырамыз, – деді жылу қазандығының машинист-от жағушысы Елжас Бекмағанбетов. Бұған дейін көмір отынымен жағылып келген «Универ- сал-6М» жылу қазандығы да резервте дайын тұр екен. Қой- мада оған қажетті көмір де бар.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда