Шиелі станциясы: пандемия кедергі емес

Станция тынысы
25.06.2021, 10:13
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда ЖТ бөлімшесінің Шиелі станциясы аймақтағы эпидемиялық ахуалдың тұрақсыздығына қарамастан өнімді жұмыс жасауда. Жыл басынан бері пойыздық, маневрлік жұмыстар кезінде және кірме жолдарда жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына жол берілмеген. Станция бастығының орынбасары Нұрғали Әбжаппаровтың мәліметінше, станция теміржолшылары өткен бес айда 3010 вагонға 208821 тонна жүк тиеп, өндірістік жұмыс жоспарын толық орындаған. Сондай-ақ, 52 пойыздан 2677 вагонды ажыратып, 64 пойызға 2767 вагонды тіркеген. Аса қауіпті аймақ саналатын теміржол бойындағы өндірістік, маневрлік жұмыстарда сақтық пен қауіпсіздік те қатаң сақталған. Станция басшылығы әрбір ауысым алдында және бекітілген жүйе бойынша техникалық сабақтар мен пысықтау инструктаждарын тұрақты жүргізіп, бақылау, тексеру жұмыстарын талапқа сай жүргізеді. Осылайша жұмыс көрсеткіштерін жыл басынан бергі бес ай ішінде 83 пен 239 пайыз деңгейінде орындаған шиелілік теміржолшылар әлемдік пандемияға байланысты кейбір көрсеткіштер межеге жетпей жатса да, жалпы жұмыс үдерісі қалыпты екенін айтады. – Бұл жерде жүк вагондарының құжаттарын рәсімдеу кезіндегі бос тұру жоспарының 83 пайызбен нәтижеленуін алдағы уақытта жетілдіріп, межеге жеткізуге күш салатын боламыз. Жалпы станция теміржолшыларының бәрі өз кәсібін жан-жақты игерген, сенімді жұмыс жасайтын кәсіби мамандар саналады. Бәрі де тәжірибелі мамандар, дегенмен олардың арасында станция кезекшісі У.Смайлов, пойыз құрастырушы И.Қарамырзаев, станция кезекшісі жанындағы оператор С.Абдиев сынды станцияның жүгін көтерер теміржолшыларды мақтан тұтамыз, – деді станция бастығының орынбасары Нұрғали Әбжаппаров.

Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды