Премьер-министр вагон жасау зауытымен танысты

Трансформация
28.03.2025, 09:00
Оқуға 2 мин
Фото: primeminister.kz
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Павлодар облысында өнеркәсіпті дамыту жөніндегі тапсырмасының іске асырылу барысымен танысты. Ол өңірге іссапары кезінде Екібастұзда орналасқан «Қазақстан вагон жасау компаниясы» зауытына ат басын бұрды.

«Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС аумағында Премьер-министр әмбебап ашық жүк вагондарын, жабық вагондарды, вагон-платформаларды құрастырып шығаратын отандық өндірушінің қазіргі өндірістік қуаттарымен, сондай-ақ жүк тасымалы көлемінің жыл сайынғы өсуін ескере отырып, көрсеткіштерді одан әрі арттыру жөніндегі жоспарларымен танысты. «ҚВЖ» компаниясының құрылтайшысы және сенімді басқарушысы – «SMR Group» ЖШС бас директоры Ержан Қуанғанның айтуынша, кәсіпорын құрылған сәттен бастап 9 мыңнан астам ашық вагон, 26 платформа және 2 жабық вагон шығарған. Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы айына 100-ден 240 вагонға дейін өскен. 

Бүгінгі таңда компания 3 мың ашық вагонды жеткізуге қатысты келісімшартты мерзімінен бұрын орындауға кіріскен, оны аяқтау 2025 жылдың мамырына жоспарланыпты.  

Осы арада «Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС-нің сенімді серіктесі және тапсырыс берушілері қатарында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның еншілес ұйымы «Қазтеміртранс» АҚ көш бастап тұрғанын атар едік. Оның айқын дәлеліне, 2011 жылдан 2025 жылдың ақпанына дейін осы зауыт шығарған 9 333 вагонның 7 884-ін ҚТЖ сатып алған. Жылжымалы құрам әлеуметтік маңызды жүктерді, атап айтқанда астық, көмір, т.б. жүктерді тасымалдауға жұмылдырылып отыр.  

Сапар барысында Көлік-логистикалық кешенді дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде өзара іс-қимыл мәселелеріне де назар аударылды.  

«Біздің еліміз транзит пен логистикада орасан зор және толық ашылмаған әлеуетке ие. Теміржол жүйесі вагондарды жаңартуды қажет етеді. Сондықтан біз кәсіпорынның өндірісті ұлғайту туралы жоспарларын қолдаймыз», – деген Үкімет басшысы Көлік министрлігіне мүдделі ұйымдармен бірлесіп, ашық вагондар мен жабық вагондарды жеткізуге ұзақ мерзімді оффтейк-келісімшарттар жасасу мүмкіндігін қоса алғанда, кәсіпорынды қолдау шараларын пысықтауды тапсырды. Сондай-ақ жергілікті қамту үлесін ұлғайту қажеттігін атап өтті. Бүгінде ол 57% құрап отыр екен.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды