Латвияға алғашқы электр пойыздары жеткізілді

Әлемде
12.09.2022, 11:29

Ел ішінде жолаушылар тасымалымен айналысатын латвиялық Pasažieru vilciens компаниясы Škoda Vagonka шығарған жаңа электр пойызын таныстырды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Латвия бұл электр пойыздарын Еуропалық Одақтың жолаушылар тасымалы қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін сертификаттау үшін сынақтан өткізіп жатыр.  

Pasažieru vilciens компаниясы 2023 жылдың соңына дейін жолаушы тасымалы үшін 32 электр пойызын түгелдей жеткізбек. Әр пойыз төрт вагоннан тұрады және бір пойыздың ұзындығы 109 метр. Мұндай пойызда – 436 отыратын және 454 тұрып тұратын орын бар.

Жалпы жобаның құны 257, 889 млн еуро, оның ішінде 23 пойызды Еуропалық Одақтың бірігу қорының 114, 211 млн еуро шамасындағы қаржыландыруымен сатып алу жоспарланып отыр.  

Škoda Vagonka компаниясының басқарма төрағасы Мартин Беднаржтің айтуынша, алғашқы электр пойызы барлық сынақтан өткен соң, келесі жылдың қаңтарында жолға шығады.  

Қазіргі таңда Латвияға алғашқы сынақтан өткен екі құрам жеткізілген.

Пойыздарда жолаушыларды бір деңгейлі отырғызу платформасы болады және ені 1,3 м қос есік қарастырылған, бұл жолаушылардың пойызға кіру, шығу уақытын қысқартуға мүмкіндік бермек.

Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл