Өзбекстанда жаңа жолаушылар вагондары таныстырылды

Әлемде
02.04.2025, 11:18
Фото: Узбекистон темир йуллари

Өзбекстан темір жолдары – «Узбекистон темир йуллари» ресми түрде 61-950 және 61-951 үлгісіндегі жаңа жолаушылар вагондарын таныстырды, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Ұзындығы 26 м болатын бұл вагондар локомотивтік тартымдағы пойыздар үшін Ташкент жолаушылар вагонын жасау және жөндеу зауытында (ТВСРЗ) құрастырылды. Бұған дейін өндірілген 24 м вагондардың орнына жаңа үлгілерді шығару туралы шешім 2024 жылдың наурызында қабылданған. 2024 жылдың соңына дейін 35 вагон жасалды, 2025 жылы 70 дана шығару жоспарланған, ал болашақта жылына 100 вагонға дейін өндіру көзделген.

Жаңа вагондар кең әрі ыңғайлы ұйықтау орындарымен қамтылған, әр купеде ауа температурасын реттеу мүмкіндігімен, мобильді құрылғыларды қуаттауға арналған тоқ көзі, экологиялық таза санитарлық тораптармен және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бейнебақылау жүйесімен жабдықталған.

Бұдан бөлек, «Узбекистон темир йуллари» тапсырысы бойынша зауыт Ташкент – Бұхара бағытына арналған 12 вагоннан тұратын құрам жасады. Оның ішінде екі VIP-классты, төрт бизнес-классты және төрт эконом-классты вагон, сондай-ақ мейрамхана-вагон мен дизельдік қуат қондырғысы бар қосалқы вагон бар. Желдету жүйесі пойыз тоқтаған кезде де жұмыс істейді.

Зауытта көрші елдерге экспорттауға арналған жолаушылар вагондарын өндіру де жолға қойылған.

 

Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады
Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап
Әлемде
10.08.2026
Грузия теміржолды жаңартуға 1,7 млрд доллар бөлмек
Әлемде
10.08.2026
ЕО елдерінде халықаралық пойыз билеттерінен ҚҚС-ты алып тастау ұсынылды
Жаңалықтар
10.08.2026
«Қарасора-2026»: есірткіге қарсы күрес