ЕҚДБ Өзбекстан темір жолын цифрландыруға 38,4 млн еуро бөледі

Әлемде
22.06.2026, 09:37
Сурет: ашық дереккөзден

Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) Өзбекстанның көлік-логистикалық әлеуетін арттыру мақсатында «Өзбекстан темір жолдары» (ӨТЖ) ұлттық операторының цифрлық трансформациясын қолдауға шешім қабылдады деп хабарлайды Rail-news.kz.

Банк бұл бағыттағы мемлекеттік секторға арналған алғашқы ауқымды жобасы аясында ӨТЖ компаниясына 38,4 миллион еуроға дейін несие бөлмек. Ресми мәліметке сүйенсек, қазіргі уақытта аталған компания елдегі ұзындығы 6 950 шақырымды құрайтын теміржол желісін басқарады және ұлттық жүк тасымалының 40%-на жауапты.

Бөлінген қаражат ескірген механикалық (қолмен атқарылатын) жұмыстарды толықтай заманауи цифрлық жүйелерге ауыстыруға жұмсалады. Нәтижесінде диспетчерлік қызмет, жоспарлау және жедел басқару жүйелері автоматтандырылады.

Теміржол қозғалысын тиімді басқару үшін жаңа бағдарламалық қамтамасыз ету енгізіліп, киберқауіпсіздік жүйелері озық халықаралық тәжірибеге сай жаңғыртылады.

Бұл реформа Өзбекстан ішіндегі тасымалды жақсартып қана қоймай, Транскаспий халықаралық көлік дәлізі бойындағы жүк және жолаушылар ағынының кедергісіз әрі жылдам өтуін қамтамасыз етеді деп күтілуде.

Бүгінде ЕҚДБ Өзбекстанға 210 жоба аясында шамамен 6,9 млрд АҚШ долларын (6 млрд еуро) инвестициялаған. Осы көрсеткіштің арқасында Өзбекстан соңғы алты жыл бойы Орталық Азия өңірінде ЕҚДБ-дан ең көп қаржыландыру алатын көшбасшы мемлекет болып қала бермек.

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты