Stadler мен ARST әлемдегі алғашқы тар табанды коммерциялық сутегі пойызын таныстырды

Әлемде
24.06.2026, 14:39
Сурет: Stadler

Stadler компаниясы мен Италияның Сардиния аралында аймақтық тасымалдаумен айналысатын ARST жолаушылар операторы тар табанды (950 мм) теміржол желілеріне арналған, сутегі отын элементтерімен жұмыс істейтін әлемдегі алғашқы пойызды көпшілікке таныстырды деп хабарлайды Rail-news.kz

Тұсаукесер рәсімі Швейцарияның Эрлен коммунасындағы Stadler кәсіпорнының қабылдау цехында өтті. Бұл пойыздар 2028 жылдан бастап Сардиния желілерінде қатынай бастайды.

Қазіргі уақытта ARST операторы 10 сутегі пойызына тапсырыс беріп қойды. Stadler компаниясымен жасалған негіздемелік келісімшартқа ARST-пен бірге Калабрия аймағындағы жолаушылар тасымалына жауапты Ferrovie della Calabria (FdC) операторы да қол қойды. Сондай-ақ, 2025 жылдың күзінде Stadler Италияда Сицилия аралына осындай екі пойыз жеткізу бойынша тағы бір келісімшарт бекіткен болатын.

Сардинияда 10 сутегі пойызы іске қосылған кезде, дизельдік тартқышпен салыстырғанда атмосфераға таралатын көмірқышқыл газының жылдық көлемі 2100 тоннаға азаяды. Екі вагонды пойыздың құрамына арнайы аралық секция енгізілген. Онда отын элементтері, аккумуляторлық батареялар жинақтағыштары және тарту жабдықтары бар күштік қондырғы орналасқан. Пойызды жанармаймен қамтамасыз ететін сутегі тек күн электр станцияларынан алынатын энергия арқылы өндірілетін болады.

Италияның тар табанды теміржол желілеріндегі пайдалану талаптарына сай болу үшін пойыздың конструкциясы барынша жеңілдетілген. Кіреберіс аймағындағы еден деңгейі төмендетілген бұл вагондар кондиционер жүйелерімен және панорамалық терезелермен жабдықталған.

Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап
Әлемде
10.08.2026
Грузия теміржолды жаңартуға 1,7 млрд доллар бөлмек
Әлемде
10.08.2026
ЕО елдерінде халықаралық пойыз билеттерінен ҚҚС-ты алып тастау ұсынылды
Жаңалықтар
10.08.2026
«Қарасора-2026»: есірткіге қарсы күрес
Аймақтар
10.08.2026
Тараз филиалының күзет қызметкерлері жаңа формамен толық қамтылд
Жаңалықтар
10.08.2026
ҚТЖ жүк тасымалында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыруды талқылады
Спорт
09.08.2026
«ҚТЖ» командасы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында киберспорттан чемпион атанды
Спорт
09.08.2026
Айжан Серікова тоғызқұмалақтан спартакиаданың қола жүлдесін иеленді