Ауғанстанның Пәкістан арқылы өтетін транзиттік саудасы күрт қысқарды

Әлемде
22.07.2026, 10:58
Қазақстан теміржолшысы

Ауғанстанның Пәкістан аумағы арқылы жүргізетін транзиттік сауда көлемі соңғы қаржы жылында тарихи ең төмен деңгейге түсті. Бұл туралы Nightingale Intelligence талдау орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Сарапшылардың мәліметінше, былтыр Пәкістан арқылы небәрі 11 592 контейнер тасымалданған. Оның жалпы құны 367 млн долларды құрады. Салыстыру үшін айтсақ, 2021 жылы, яғни тәліптер билікке қайта келгенге дейін бұл көрсеткіш 89 мыңға жуық контейнерді, ал тауар айналымы 5 млрд долларды құраған.

Транзиттік сауда ең жоғары деңгейіне 2022–2023 қаржы жылында жеткен. Ол кезде 102 886 контейнер тасымалданып, жалпы құны 6,7 млрд доллар болған. Алайда кейінгі жылдары көрсеткіш біртіндеп төмендей бастады. 2023–2024 жылдары 54 114 контейнер, ал 2024–2025 жылдары 42 959 контейнер тіркеліп, олардың құны 1,36 млрд долларды ғана құрады.

Сарапшылардың пікірінше, 2025 жылдың қазан айында Пәкістанның Дюранд сызығындағы шекара өткелдерін жабуы құлдырауды одан әрі жеделдеткенімен, бұл үрдіс бұған дейін-ақ басталған.

Иран бағытына бетбұрыс

Талдаушылар бұл өзгерісті Кабулдың Пәкістан порттарына тәуелділікті азайту саясатының нәтижесі деп бағалайды. Соңғы жылдары Ауғанстан импортты Иран арқылы жеткізуді айтарлықтай арттырған.

Дүниежүзілік банктің бағалауынша, Иран 2025 жылы Ауғанстан импортының 31,3 пайызын қамтамасыз еткен. Ал Ираннан тікелей немесе Иранның көлік дәліздері арқылы келген тауарлардың үлесі жалпы импорттың 48,6 пайызына жеткен. Бұл ретте Ауғанстанның жалпы импорты 13,2 млрд долларға дейін өскен.

Сонымен қатар, Пәкістан арқылы үшінші елдерге, әсіресе Үндістанға қайта экспортталатын ауған тауарлары іс жүзінде тоқтап қалды. Бір жылдың ішінде олардың көлемі 454 млн доллардан 7 млн долларға дейін қысқарған.

Солтүстік бағыттың маңызы артып келеді

Сарапшылардың айтуынша, сауда бағыттарының өзгеруі Пәкістанның өңірдегі экономикалық ықпалын әлсіреткенімен, оның салдары Ауғанстан үшін де оңай болмайды. Логистикалық шығындардың артуы түпкі тұтынушыларға әсер етіп, инфляциялық қысымды күшейтеді. Әсіресе ондаған жылдар бойы Пәкістан бағытына тәуелді болып келген елдің шығыс және оңтүстік пуштун аймақтары көбірек зардап шегуі мүмкін.

Мамандар бұл стратегиялық шешім болғандықтан, шекара қайта ашылған күннің өзінде бұрынғы сауда ағындарының қалпына келуі екіталай екенін айтады.

Осы жағдайда Өзбекстанмен сауда және Термез–Хайратон бағыты арқылы өтетін солтүстік дәліздердің маңызы артып отыр. Дегенмен бұл бағыттың да өз тәуекелдері бар. Атап айтқанда, Иран арқылы өтетін балама маршрут өңірдегі әскери қақтығыстарға тәуелді. Мұны 2026 жылғы соғыс кезінде Иран порттарына, оның ішінде Чабахар портына жасалған соққылар айқын көрсетті.

Сонымен бірге ұзындығы шамамен 647 шақырымды, болжамды құны 4,6 млрд долларды құрайтын Трансауған теміржолы жобасы әзірге техникалық-экономикалық негіздеме кезеңінде қалып отыр. Бұл жоба Орталық Азия жүктерін Пәкістан порттарына шығаруды көздейді. Алайда дәл осы порттардан Ауғанстан өз транзиттік ағындарын біртіндеп басқа бағыттарға бұрып жатыр.

Сарапшылардың пікірінше, қазіргі жағдайда Орталық Азия елдері тек Ауғанстанның солтүстік өңірлері арқылы өтетін транзитті дамытып қана қоймай, сол аймақтардың экономикалық тұрақтылығын да күшейтуі қажет.

Энергетикалық инфрақұрылымды кеңейту, шекара маңындағы сауданы дамыту және іскерлік байланыстарды нығайту Ауғанстанның оңтүстік бағыттарға тәуелділігін азайтып, елдің Орталық Азия экономикасына орнықты интеграциялануына мүмкіндік береді.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады