Alstom компаниясы Франция үкіметінен IPCEI (Important Projects of Common European Interest — Ортақ еуропалық маңызы бар маңызды жобалар) бағдарламасы аясындағы сутегі энергетикасы жобаларын қаржыландыру тоқтатылғаны туралы ресми хабарлама алғанын растады, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Осыған байланысты компания ел аумағындағы IPCEI бағдарламасымен байланысты барлық қызметін уақытша тоқтату туралы ішкі шешім қабылдады.
Alstom өкілдері өздерінің ағымдағы қызметін де, Франциядағы сутегі саласын да қолдаудың ықтимал шешімдерін табу мақсатында Франция үкіметімен келіссөздер жүргізіп жатқанын мәлімдеді.