Тежегіш тексерудің өз тәртібі бар

ҚТЖ келбеті
13.08.2024, 09:54
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Түркістан локомотив пайдалану депосының таспа тексеру инженері Гүлзира Темірбекова бізге өз жұмысы жайлы көп мағлұмат берді. Кім білген, таспа тілін оқып-тануда локомотивтердің тежегішіне қатысты деректер де қызыққа толы дүниенің бірі екен.

– Таспа тексеруші инженерлердің қолданысында локомотивтің жылдамдық өлшеу таспасынан бөлек, тіркеу кассетасы құралы болады. Оның арнайы құрылғысы тепловоз немесе электровоздың кабинасында орналасқан. Ал машинист кассетаны станциядан шықпай тұрып тіркеуі тиіс. Яғни ол жерде маманның аты-жөнінен бөлек, пойыз нөмірі мен жылжымалы құрамдағы вагон саны, жалпы салмағы секілді маңызды деректер түгел жазылады, – деп түсіндірді инженер-маман.  

Осындай деректер жазылған қағаз бен кассетаны машинист Арыстан шығып, Түркістанға жеткенде бізге тапсырады. Ол дереу АСУ деп аталатын деректер жүйесіне тіркеледі. Кассета арнайы құрылғыға қондырылғанда, ол жердегі барлық ақпарат компьютер экранында көрінеді. Осылайша, электронды үлгідегі диаграммадан машинистің локомотивті қалай тізгіндегені анық байқалады. Бұл жердегі басты ерекшелік – деректерге қатысты сызықтардың барлығы шарт-талап, ескерту белгілерімен қоса түрлі түстермен белгіленген. Депо қызметкерлерінің айтуынша, мұнда тәулігіне 110-120 кассета өңделеді екен.

Бүгінде Арыс-Түркістан-Шиелі-Қызылорда аралығындағы жылжымалы құрамдардың қызмет сапасын қадағалауда ұстайтын мекемеде маневрлік пойыздар көп. Сондықтан да қағаз таспаға қарағанда, мұнда кассеталық таспа жиі қолданылады. Оның үстіне кассеталық таспа электронды үлгіде болғандықтан, жылдам өңделеді және ол жетілдірілген нұсқа болып табылады. Мәселен, таспада қандай жылдамдықпен келе жатқанда тежегіш басылғаны және оның неше метрге дейін басылғаны да бірден байқалады. Нұсқаулық бойынша мыңдаған тонна жүкті тіркеген локомотив станция паркінен қозғалған сәтте-ақ тежегішті бір тексеріп алу – машинистің негізгі міндеті.  

– Тежегішті тексерудің өз тәртібі бар. Негізінен жүк пойызының тежегіші тексерілер сәтте жылдамдық сағатына 50 шақырымнан аспауы тиіс. Айталық, жылжымалы құрам станциядан сағатына 45 шақырым жылдамдықпен қозғалып, тежегішті кілт басқанда жылдамдық дереу 35-ке дейін төмендесе, ол қалыпты жағдай. Ал инженерлер таспаға түскен ирек сызықтың арақашықтығын шаблон-сызғышпен өлшеу арқылы осы процестің қалай орындалғанын анықтайды. Егер әрекет талапқа сай болмай шықса, машинистен бастап оған қатысты мамандардың барлығы да жауапқа тартылады. Себеп – қауіпсіз қозғалысты ұйымдастыру шарты орындалмаған деп саналады, – дейді өз ісінің маманы Гүлзира Темірбекова.  

 

Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты