Таңдауы емес, тағдыры...

Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жандүниесі де, жаратылысы да нәзік жолсерік Ғазиза Үсенқызын көргенде, оны теміржол саласында нағыз темірдей тәртіп, әскери дайындықты талап ететін қалпына келтіру пойызында жұмыс істейді деп еш ойламайсыз. Осынау ашық-жарқын мінезді, сөзі мен ісінен қатар қабысып жатқан жан адамды өзіне тартып, біртүрлі сенім ұялатады.  

Ғазиза Қалжанованың Жамбыл қалпына келтіру пойызында он бір жылдан бері жолсерік болып жұмыс істеп келе жатқанын естігенде таңғалғаным рас. Жолсеріктің бәріне қойылар талап, жүктелетін міндет бір болғанымен, мұнда белгіленген нормативтер бар, уақыт шектеулі, сондықтан әр уақытта әскери дайындықта жүру керек. Олай дейтінім, шойын жолдың бойында апат бола қалған жағдайда, пойыздың бүкіл құрамы, базаға жиырма минутта жетіп, қырық минутта бүкіл техниканы, қалпына келтіру пойызының вагондарын жасақтап, станциядан шығып кетуі тиіс. Бір минутқа кешігуге болмайды. Ал шақырту қай кезде түсетінін ешкім болжап білмейді.  

– Мені теміржол саласына таңдауым емес, тағдырым әкелді. Әкем қарапайым жүргізуші, анам Тараз қаласындағы кітапхананың бірінде жұмыс істеді. Екі ағам, сіңлілерім – бәрі басқа салада. Екі жоғары білім алдым, экологпын, бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша шаһардағы таңдаулы мектепте 14 жыл сабақ бердім. Күйеуім жиырма жыл бұрын өмірден озды. Мезгілсіз қаза, жазмыштың қатал сынағымен бетпе-бет қалдым. Жалғыз қызымды жеткізу үшін істеп жүрген жұмысымды тастап, теміржол саласына келдім. Ол шақта мұғалімнің жалақысы төмен, пәтер жалдап тұрамын, қызымды өсіріп-жеткізуім керек. Ойлана келе осындай шешім қабылдадым, – деп сыр бөлісті Ғазиза Үсенқызы.

Уақытпен санаспай, темірдей тәртіпке бағынып жұмыс істегенімен, темір жолдың адамды қайрап, ерік-жігерін жани түсетіні бар. Адал еңбек, тұрақты табыс көзі жан дүниесін тыныштандыратын да секілді. Біздің кейіпкеріміз «тағдырдың басқа салған сынағына сынбай, қажыр-қайрат танытуыма осы әсер етті» дейді. Асыраушысынан айырылғандар санатында тұрғын үй кезегіне тұрып, бір баспанаға қол жеткізу үшін 11 жыл күтіп, сабырлылық танытуына да жауапты жұмысының септігі тигені анық.  

– Анам кітапханашы болған соң бала кезден бәріміз көркем әдебиетті көп оқып өстік. Танымның басқа болуына, таңдауымның педагогика саласына түсуіне де сол әсер етті деп ойлаймын. Бірақ техникаға жақын болуыма, шұғыл шешім қабылдап, жүрексінбей қиын істі атқара беретінім – әкемнің тәрбиесінің ықпалы-ау шамасы. Жасөспірім шағымда әкем кешке жұмыстан келгенде алдынан шығып, еш жүрексінбей автобустың рөліне отырып, өзім жүргізіп, қақпадан аулаға кіргізіп қоятынмын. Қазір соның пайдасын көріп жүрмін. Жолсерік болғанмен кілең ер жігіттер еңбек ететін әскери дайындықта жүретін ұжымда еңбек еткен соң мен де солардың командасындамын. Апаттың бетін аулақ қылсын, бірақ шақырту түскенде құраммен бірге уақытқа қарамай, жолға шығамыз. Басқа кезде осы базада күнделікті вагонды дайындап, талаптарды орындап отырамыз. Жыл сайын өндірістік, еңбек қауіпсіздігі бойынша біліктілікті арттырып, емтихан тапсырамыз, – дейді жолсерік.  

 

Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті