Тарихқа тұнған жиһаздар

Темір жол тарихы
26.01.2024, 15:22
Қазақстан теміржолшысы

Биыл қазақ теміржолына 120 жыл толып отыр. Қазақстанда темір жол көлігінің құрылған жылы 1904 жыл болып саналады, сол жылы Өзбек, Қазақ, Қырғыз және Тәжік КСР аумағы арқылы өткен Ресейді Орта Азиямен жалғаған Орынбор - Ташкент темір жолының құрылысы басталды. Бірінші болат магистраль аймақтың сауда, өнеркәсіп, әлеуметтік саласының дамуына ықпал етті.

Осы аралықта қазақ теміржолының жүріп өткен жолы үлкен бір тарих. Алғашқы теміржолшылардың жұмысы, олар пайдаланған құралдар жайлы қазір кітап, журналдардан оқып біле аламыз. Сондай-ақ теміржол желісінің құрылысы барысында түсірілген видео картиналар да кездесіп қалады.

Дегенмен, елордадағы ҚТЖ бас ғимаратындағы музейге бас сұққан адам теміржолға қатысты көне жәдігерлерді қолмен ұстап, тарихына баулай алады.

Мұражайда теміржолшылар қолданған заттар өте көп. Көненің көзіндей болып келе жатқан жәдігерлердің бірі станцияда теміржолшылар қолданған жиһаздар. Ерекше орындық, кресло мен үстел теміржолшылардың өз цехында жасалуымен де құнды.

Әбден ескірген орындық көзімізге бірден түсті. ХХ ғасырдың басында жасалған орындық Ағадыр станциясы маңынан жеткізілген екен. Реставраторлардың көбі оны жөнге келтіруге келіспепті, ақыр соңы депода жұмыс істейтін ҚТЖ жігіттері өздері жөндеп қойыпты.  

Сондай-ақ Түрксіб теміржол құрылысынан кейінгі 1928 жылдары жасалған жиһаздар бар. Ол кездері теміржолда жиһаз жасайтын өз цехтары болған екен. Ол жерде станция басшыларына арнап кресло, үстелдер жасалған. Сондай креслоның бірі музейден орын тепкен. Көне кресло 1958-1960 жылдар аралығында жасалыпты. Басшылар қолданған тамаша үстел де әлі күнге дейін қаз-қалпында сақтаулы тұр.  

Музейде сондай-ақ 1915 жылы жасалған паровоз табличкасы бар. Ол еліміздегі алғашқы паровоздарға қызмет еткен деп айтылады.  

Музейде Ресей патшалығы тұсындағы ақшадан Тәуелсіздік алғанға дейін қолданылған барлық қаражат үлгілері сақталған. Өйткені экономиканың күре тамыры теміржол саласы саналғандықтан ақша үлгілері музейге қойылуы да заңдылық.

Мұражайда сақтаулы тұрған тағы бір құнды жәдігер паровоз машинисі П. Спириннің кителі. Ол кісі соғыс жылдары Сталиннің эшелонын жүргізген екен. Негізгі туып-өскен жері Қызылорда облысы. КСРО бойынша ең мықты  машинистің бірі болған Спирин сол кездері Сталиннің құрмет медалімен марапатталған екен.  

Оған қоса әр жылдары теміржолшылар киген киім формалары да қойылған. Музей маманының айтуынша, соғыс жылдарынан кейін теміржолға әйел адамдарды көптеп ала бастаған.

«Бізде тұрған әйел адамның формасы 1955 жылдары тігілген. Ол кезде теміржолшылардың барлығы әскерилер сияқты форма киіп, пагон таққан. Яғни, жартылай әскери ұйым болды. Соғыс кезіндегі хаттардың көбі шифрланып жазылған. Әлі күнге дейін бөлімшелердің атауы қысқартылып жазылады, оны теміржолшылар ғана түсінеді», - дейді ҚТЖ музейінің менеджері Ақмарал Молдашева.  

Келесі құнды экспонаттардың бірі 1887 жылы жасалған рельстерді өлшейтін жол шаблоны. Бұл өлшем құралы теміржолшылардың таптырмас құралдарының бірі болған.  

Музейде қазір қолмен ұстап көретін 862 зат бар, ал сурет, кітап және өзге де құжаттарды қосып есептегенде 1500-ден астам экспонат шығады.  

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті