Тұңғыш машинист әйелдің сирек кездесетін құжаттары ҚТЖ музейіне табысталды

Темір жол тарихы
04.09.2024, 14:11
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстанда соғыс жылдары паравоз тізгіндеген 4 әйел машинист болған. Солардың бірі Забира Жүсіпова туралы деректер ҚТЖ бас музейіне жеткізілді.

«Қазкөліккәсіп» ҚБ өкілдерінің бастамасымен тұңғыш машинист қазақ әйелі туған бұрынғы Луговой қазіргі Түрксіб станциядағы мектепте сақталған құжаттар енді музейдің бір бұрышынан орын алатын болды. Орталық музей менеджері Ақмарал Молдашева алдағы уақытта өткен ғасырдың орта шенінде  паравоз тізгіндеген әйелдерге арнап бөлек стенд жасауды жоспарлап отырғандарын жеткізді.  

Олардың арасында 70 жылдан астам уақыт бұрын түсірілген жеке құжаттар, құрмет грамоталары мен фотосуреттер бар. Құжаттар аты аңызға айналған әйелдің отбасы, Қазақстандағы ең алғашқы басылымдар саналатын «Знамя Труда» және «Казахстанская правда» газеттерінің журналистері, сондай-ақ Түрксіб станциясының қызметкерлері, ҚТЖ баспасөз қызметі мен кәсіподағының арқасында жиналды және табысталды.  

Ал Забира Жүсіпова туралы айтсақ, салалық баспасөзде жарияланған мақалаларға сүйенсек, 1922 жылы дүниеге келген машинист әйел жастайынан жетім қалып, балалар үйінде тәрбиеленген. Соғыс басталғанда 18 жасқа енді толған бойжеткен училищеде теміржол мамандығына оқып, тұңғыш рет Қырғызстанның Пішпек станциясынан сол кездегі Луговойға жол тартқан пойыздың машинист көмекшісі ретінде еңбек жолын бастайды. Жап-жас қыздың паровоз тізгіндеуі ол кезде елең еткізерлік оқиға болып, оған бәрі тамсана және таңқала қарайды. Тұңғыш әйел паровоз машинисі атағы да оған бірден таңылды. Кейін машинист болып, өзі де көмекші алып сапарға шығады. Соғыс жылдарында абыроймен қызмет етіп, Одақ көлемінде үлкен марапаттарға ие болады.  

Темір тұлпарды тізгіндеген қазақ қызы жеке өмірінде де бақыт тауып, бес баланы дүниеге әкелді. 1977 жылы зейнеткерлікке шығып, 1983 жылы небәрі  61 жасында дүниеден өтті. Бүгінде оның ұрпақтары Жамбыл облысында тұрады. Ұлы Жолдас пен қызы Аманкүл теміржолда еңбек етті, бүгінде екі немересі Айдос пен Жандос Түрксіб станциясында теміржолшы. Түрксіб станциясында З.Жүсіпова атындағы көше бар.  

2003 жылы Луговой станциясында жойқын жер сілкінісі болғаны белгілі.   Көптеген ғимараттар қирап, соның ішінде Забира Жүсіпова тұрған үй де жермен жексен болған. Сол апат кезінде З.Жүсіпова туралы стенд бар мектеп те құлап, көптеген суреттері мен құжаттар жоғалған. ҚТЖ музейіне жеткізілгені содан қалған құжаттар көрінеді.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды