Шымкенттегі оқушыларға ереже бұзған жағдайда айыппұл төлейтіні ескертілді

Әлеумет
17.06.2022, 11:41
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Темір жол – қауіптілігі жоғары аймақ» тақырыбында мектептерде оқушылармен және Шымкент станциясының болат жол бойындағы тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Шымкент қаласының В.Терешкова атындағы №31 мектебінде өткен кездесуге Шымкент станциясындағы желілік полиция бөлімінің, ӘТЖК мекемесінің өкілдері және Шымкент станциясындағы еңбек қорғау инженері және 60-тан астам оқушы мен оқытушылар қатысты. Балаларға темір жолдың қауіпті аймақ екенін және теміржол көлігінде қауіпсіздік шараларын сақтауға қатысты мультфильм көрсетілді. Сондай-ақ, темір жол арқылы өту ережелері көрсетілген буклеттер таратылды. Жиында сөз алған Шымкент станциясының еңбек қорғау жөніндегі жетекші инженерінің міндетін атқарушы Арман Өтебаева 2022 жылдың 16 мамыр-16 маусым аралығында «Темір жол – қауіптілігі жоғары аймақ» айлығы жарияланғанын және оның шеңберінде балалардың жарақаттануының алдын алу үшін оқушылар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырғанын атап өтті.

  – Балалар кейде вагонға шығып, сырғанамақ болады. Ал оның салдары неге әкелетінін түсініп жатпайды. Байланыс желілерінің сымдарында кернеу өте жоғары, 27500 вольтқа дейін. Токқа түсіп, қаза тапқан жағдайлар да болды. Сонымен қатар кейбір адамдар тоқтап тұрған вагоннан қауіп келмес деп, оның астынан өтіп жатады. Шын мәнінде, станцияда тұрған әр вагон жұмыс үстінде. Ол кез келген секундта қозғалуы мүмкін. Теміржолшыларды алаңдатып отырған келесі бір мәселе – жастардың құлаққап киіп алып, музыка тыңдап, темір жолды кесіп өтуі. Тіпті, олар пойыздың дабылын да естімейді, басты назары рельсті кесіп өтуге бағытталған. Ал дұрысында, темір жолды арнайы бөлінген жерлерден кесіп өту керек, – дейді Арман Өтебаева.  

Бұдан кейін сөз алған ӘТЖК және ЖПБ ППВ өкілдері де балаларды қауіпті аймақта жүргенде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды. Полиция капитаны Б.Әбдіраманов жолаушылар вагондарының терезе әйнегін сындырып, бұзақылық жасаған жағдайда 200 АЕК, темір жолды белгіленбеген жерлерден кесіп өткенде ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне сәйкес 3 АЕК салынатынын, 16 жасқа дейінгі балалардың бұзақылығы және ереже бұзушылығы үшін ата-аналары жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді.  

«Тексеру барысындағы барлық бұзушылық республикамыздың бірыңғай базасына енгізіледі. Айыппұл санкциялары төленбеген жағдайда ата-аналардың төлем карточкалары бұғатталып, шетелге шығуға тыйым салынады. Сондай-ақ, сағат 23.00-ден кейін ата-анасыз көшеде жүруге болмайды», – деп сөзін түйіндеді құқық саласының өкілі.  

Ал тұрғындармен кездесу барысында құзырлы орган өкілдері ата-аналарға балалардың бос уақытын болат жол бойында өткізбеуін қадағалауға алуды, олардың іс-әрекетіне жауапсыздық танытпауды тапсырды. Шымкент станциясының еңбек қорғау жөніндегі жетекші инженерінің міндетін атқарушы Арман Өтебаеваның айтуынша, 2022 жылдың 4 айында Шымкент бөлімшесі бойынша жүк пойызының адамды басып кетуінің 4 оқиғасы тіркелген. 

«Тұрғындар бұл заңбұзушылыққа өздері жауапты болатынын білмей, теміржолға малын жіберетін жағдайлар да бар. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте 559-баптың 1-тармағында мал иесіне 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Сондықтан ересек адамдардан балаларына да, малға да ие болып, қауіпсіздік ережесін сақтауға шақырамыз», – деп түйіндеді сөзін теміржолшы.

Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұшымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды