Қоршаған ортаны қорғау неден басталады?

Әлеумет
08.06.2021, 12:40
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

5 маусым – Халықаралық қоршаған ортаны қорғау күні. Сол күні елімізде Эколог күні де аталып өтеді. Үстіміздегі жылдың 4 маусымында осы атаулы күндер құрметіне арналған онлайн-конференция өтіп, оған «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының экологтары да қатысты. Семинар барысында спикерлер 2021 жылғы 1 шілдеде күшіне енетін жаңа Экологиялық кодекстің нормалары мен талаптарын түсіндіріп,  теміржолшылар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмысты іске асыру барысы және әлемдік сипаттағы өзекті экологиялық проблемалар туралы баяндамалар жасады. Семинардың ашылу салтанатында сөз алған «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Котырев, бүгінде экологиялық проблемалар ең маңызды мәселелердің қатарында тұрғанын және ол бүкіл әлемнің әл-ауқат деңгейін айқындайтынын атап өтті.

«Адамзат өзінің дамуында қоршаған ортаны нақты іс-әрекеттерімен құтқаруды және сақтауды қажет ететін кезең шегіне жетті.Сондықтан біз барлығымыз практикалық іс-әрекетке неғұрлым белсенді аралассақ, оны болашақ ұрпағымыз үшін сақтау мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады»,– деді ол.

Ал Компанияның Өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің директоры Асхат Сариев темір жолда экология мәселелеріне айрықша назар бөлініп, қоршаған ортаға теріс ықпалды төмендету, экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында нақты шаралар іске асып жатқанынан хабардар етті.

«Компания өзінің әртүрлі қызметтеріне цифрлық технологияларды дендеп енгізіп жатыр. Мұндай жетістікті біздің саладан да байқауға болады. «Өндірістік қауіпсіздік» біріктірілген жүйесіне «Экологиялық қауіпсіздік» модулі енгізілді. Оның үлкен функционалы бар және ол экологиялық қызметті цифрландырудың негізгі құралы болып табылады. Компанияның экологтар командасы бұл құралдарды белсенді пайдаланып, модульдің дамуына ықпал етуде», – дейді Асхат Сариев.

Бұдан кейін алдағы шілде айының 1-інен бастап күшіне енгелі отырған жаңа Экологиялық кодекстің нормалары мен талаптары туралы Өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің бас менеджері Сағат Қабиев баяндама жасап, ҚР Экологиялық кодексінің жобасы негізге алып отырған 10 қағиданы атап өтті. Атап айтқанда, олар алдын алу, түзету, сақтық, пропорционалдық, «ластаушы төлейді», тұрақты даму, интеграция, экологиялық ақпараттың қолжетімділігі, қоғамдық қатысу және экожүйелік тәсілдеме қағидалары.

«Бүгінгі таңда біздің компанияда табиғатты қорғау қызметіне қоршаған ортаны қорғау саласындағы 300-ден астам маман жауапты. Олардың әрқайсысы кәсіпорындардағы экологиялық қауіпсіздікті қолдау және жақсарту бойынша күн сайын ауқымды жұмыс атқарып келеді, сондай-ақ әрбір қызметкерге қоршаған ортаға қамқорлық жасау біздің ортақ борышымыз екенін жеткізу – маңызды міндет. Қоршаған ортаны қорғау күні сізге де ортақ жалпы мереке болмақ. Қоршаған ортаны қорғау неден басталады? Супермаркетте пластикалық пакеттен бас тартып, ЭКО сөмкелерді қолданудан, қалдықтарды бөлек жинап, қоқысты қайта өңдеуге тапсырудан, ағаш отырғызудан, көлемді қоқысты айтпағанда, ұсақ-түйек қалдық, қағаз, целлофан, пластикалық бөтелкелерді далаға тастамаудан, үйді тазартудың «жасыл» тәсілдеріне қызығушылық танытудан басталады», – деп түйіндейді сөзін Сағат Қабиев.

Семинар барысында қатысушылар қоршаған ортаны қорғау тақырыбына қатысты арнайы әзірлеген сұрақ-жауап сипатындағы интерактивті ойындарға қатысып, білім-біліктіліктерін сынады.  

Аймақтар
07.08.2026
Арқалықта жаңғыртудан кейін теміржол вокзалы ашылып, жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды
Жаңалықтар
07.08.2026
«Нұрлы жол» вокзалында санитарлық үй-жайлар жаңартылуда
Аймақтар
07.08.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
Аймақтар
07.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбедегі вокзалдың құрылысын тексерді
Аймақтар
07.08.2026
Екпінді станциясында 800 метр жол жаңарды
Жаңалықтар
07.08.2026
Астана – 1 вокзалы заманауи, қауіпсіз және жайлы болады
Аймақтар
07.08.2026
Күзет қызметінің қырандары
Қауіпсіздік
07.08.2026
Қауіпсіздік талаптарын сақтау – міндет
Аймақтар
07.08.2026
Алпыс жылдық абыройлы жол
Жаңалықтар
07.08.2026
Кәсіподақ белсенділері марапатталды
Спорт
07.08.2026
Дойбышылар додасы
Жаңалықтар
07.08.2026
Темір жолдағы қауіпсіздік бойынша ҚТЖ акциясына 150 бала қатысты
Жаңалықтар
07.08.2026
Астана-1 теміржол вокзалында рейд өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
07.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №62 07 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
06.08.2026
ҚТЖ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқыту іс-шарасы өтті
Жаңалықтар
06.08.2026
Ұзақ мерзімді сервистік қызмет көрсету ҚТЖ локомотив паркінің сенімділігін арттырады
Жаңалықтар
05.08.2026
Теміржолшылар 53 теміржол өткелінде «Қауіпсіз өткел» профилактикалық акциясын өткізді
Жаңалықтар
04.08.2026
Құрық порты 2026 жылдың І-ші жарты жылындағы жұмысын қорытындылады
Аймақтар
04.08.2026
Боранды бекеттің бас қақпасы
Аймақтар
04.08.2026
Ғасырлық тарихы бар вокзалдар жаңарды