2021 жылды экологиялық мәдениет жылы деп жариялады

Әлеумет
25.06.2021, 13:19
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Елімізде қоршаған ортаны қорғауға белсенді қатысып отырған «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС 2021 жылды Экологиялық мәдениет жылы деп жариялаған болатын. Ол «Ғаламшарды тазартуды өзіңнен баста!» ұраны аясында өтуде. Негізгі мақсат – экологиялық қауіпсіздік пен қызметкерлердің денсаулығына қамқорлық жасау. «Биыл ҚР жаңа Экологиялық кодексінің енгізілуіне байланысты «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС басшылығы ағымдағы жылды Экологиялық мәдениет жылы деп жариялауға шешім қабылдады. Экологиялық білім беру, ағарту және тәрбиелеу арқылы мамандар мен барлық қызметкерлердің экологиялық санасын жетілдіру өте маңызды. Сонда ғана біз қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бағытындағы күресте кең әлеуметтік-құқықтық және экономикалық қолдауға ие бола аламыз», – дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС менеджері Светлана Садықова. Оның айтуынша, Экологиялық мәдениет жылын жоғары деңгейде ұйымдастыру шеңберінде ҚТЖ-Жүк тасымалында жоспарлы-техникалық іс-шаралар әзірленіп, бекітілген. Соның бірі, нысандарды ҚР Экологиялық кодекс талаптарына сәйкес келтіру екен. Мәселен, Жамбыл станциясындағы құм кептіру шаруашылығының шаңгаздан қорғау құрылғыларына күрделі жөндеу жүргізу қарастырылса, Семей, Ақмола жол бөлімшелерінде қалдықтарды уақытша сақтауға арналған контейнерлік алаңдарды орнату жоспарланған. Жалпы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС екі жыл бұрын өзінің барлық филиалдарында қалдықтарды бөлек жинаудың жүйесін енгізген болатын. Оның шеңберінде кеңселерде қағаз, шыны, пластмасса, аккумуляторлар батареяларына және басқаларға арналған экоқораптар орнатылған еді. Жобаны іске асырудың бірінші жылында 29 тоннаға жуық, 2020 жылы 43, 7 тонна қалдықтар сыртқы тарап ұйымдарына одан әрі өңдеу үшін берілді. Ал биылғы жылдың 5 айында 10,2 тонна қалдық тапсырылған. – Қалдықтарды бөлек жинау экологиялық жағдайды жақсартуға үлес қосып қана қоймай, экономикалық тиімділікке де әкеліп отыр. Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару және жою бойынша шығындар 14,2 миллион теңгеге азайып, қыруар қаржы үнемделді. Табиғи ресурстарды ақылға қонымды және ұтымды пайдалану, экологиялық жағдайды жақсарту мәселелері жыл сайын өзектілігін арттырып келеді. Біз үшін жерді дұрыс пайдалана білуді, табиғатпен үйлесімді өмір сүруді және оны болашақ ұрпаққа сақтауды үйрену маңызды, – дейді Светлана Садықова. Бөлек жиналған қалдықтардың көлемі бойынша Ақмола филиалы көш бастаса, үздік үштікке Қызылорда және Жамбыл филиалдары да кірген. «Біздің бөлімшенің теміржолшылары Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасы аясында өз үлестерін қосуда. Аумақты қоқыстан тазартып, сенбіліктер ұйымдастыру, көшеттер отырғызу, көгалдандыру, тағысын тағы шаралар бізде дәстүрге айналған», – дейді Ақмола филиалының бас инженері Сайран Баржаксин. Қалдықтарды сұрыптау теміржолдағы жалғыз экологиялық бастама емес. Еліміздің барлық аймақтарында «Тал ек!», «Ағаш отырғыз» экологиялық акциялары өтіп, оған 1500-ге жуық теміржолшы қатысқан. Олар әкімшілік, тұрмыстық және өндірістік нысандар аумағында 560-тан астам көшет егіп, 145 гүлзар төсеген және онда мыңдаған гүлдер отырғызған. 9400-ден астам теміржолшылар сыпырғыштармен, тырмалармен және күректермен қаруланып, әкімшілік-тұрмыстық және өндірістік нысандардың 400 мың шаршы метрден астам аумағын қоқыстан тазартыпты. Олар «Бірге – таза темір жол» экологиялық акциясы аясында қалдықтармен күресуге шықты. Қазір жол бөлім- шелерінде «Қалдықтарды жинап, қайта өңдеуге тапсырыңыз» атты экологиялық марафон өтіп жатыр. Іс-шара жыл соңында аяқталмақ.

Аймақтар
07.08.2026
Арқалықта жаңғыртудан кейін теміржол вокзалы ашылып, жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды
Жаңалықтар
07.08.2026
«Нұрлы жол» вокзалында санитарлық үй-жайлар жаңартылуда
Аймақтар
07.08.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
Аймақтар
07.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбедегі вокзалдың құрылысын тексерді
Аймақтар
07.08.2026
Екпінді станциясында 800 метр жол жаңарды
Жаңалықтар
07.08.2026
Астана – 1 вокзалы заманауи, қауіпсіз және жайлы болады
Аймақтар
07.08.2026
Күзет қызметінің қырандары
Қауіпсіздік
07.08.2026
Қауіпсіздік талаптарын сақтау – міндет
Аймақтар
07.08.2026
Алпыс жылдық абыройлы жол
Жаңалықтар
07.08.2026
Кәсіподақ белсенділері марапатталды
Спорт
07.08.2026
Дойбышылар додасы
Жаңалықтар
07.08.2026
Темір жолдағы қауіпсіздік бойынша ҚТЖ акциясына 150 бала қатысты
Жаңалықтар
07.08.2026
Астана-1 теміржол вокзалында рейд өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
07.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №62 07 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
06.08.2026
ҚТЖ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқыту іс-шарасы өтті
Жаңалықтар
06.08.2026
Ұзақ мерзімді сервистік қызмет көрсету ҚТЖ локомотив паркінің сенімділігін арттырады
Жаңалықтар
05.08.2026
Теміржолшылар 53 теміржол өткелінде «Қауіпсіз өткел» профилактикалық акциясын өткізді
Жаңалықтар
04.08.2026
Құрық порты 2026 жылдың І-ші жарты жылындағы жұмысын қорытындылады
Аймақтар
04.08.2026
Боранды бекеттің бас қақпасы
Аймақтар
04.08.2026
Ғасырлық тарихы бар вокзалдар жаңарды