ҚТЖ Мойынты станциясындағы локомотившілердің еңбек және демалыс жағдайларын жақсартты

Әлеумет
03.06.2026, 08:09
Оқуға 1 мин

Мойынты станциясында локомотив бригадаларының демалыс үйі мен локомотивтерді техникалық байқау пункті ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Жобаны іске асыру барысында өндірістік және тұрмыстық үй-жайлар жаңартылып, инженерлік коммуникациялар жаңғыртылды, ғимараттың солтүстік қанаты пайдалануға берілді.

Жүргізілген жұмыстар арқасында демалыс үйінің сыйымдылығы үш еседен астамға – 20-дан 68 төсек-орынға дейін ұлғайтылды.

Локомотив бригадаларының демалуы үшін заманауи және жайлы жағдайлар жасалды, бұл еңбек сапасы мен тасымалдау процесінің қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді.

Мойынты станциясының локомотивтерін техникалық байқау пункті 1982 жылы пайдалануға берілді. Нысан 2005 жылы қайта іске қосылғаннан кейін ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары алғаш рет жүргізіліп отыр.

Локомотив шаруашылығы объектілерін жаңғырту компанияның жұмыскерлердің еңбек жағдайларын жақсарту және өндірістік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды