Цифрландыру технологиясы ҚТЖ-да қалай енгізілуде

Цифрландыру
11.06.2020, 18:21
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ – цифрландыру технологиясын дендеп енгізіп жатқан еліміздегі бірегей компания. Оның жарқын көрінісін, соңғы жылдары жүк тасымалы саласындағы цифрлық ілгерілеуден байқауға болады. Атап айтқанда, қағазсыз құжат айналымын енгізу, жүк жөнелтушінің жүк құжаттарын тәулік бойы режимде үйден шықпай рәсімдеу мүмкіндігі, Интернет бойынша жүкқұжат алу және жүкті станциядан станцияға дейін бақылау мүмкіндігі сияқты тағысын тағы фукнциялар – осы цифрландыру жемісі.

Әрине, автоматтандыру – кез келген жұмыста адам факторын азайтады. Теміржол саласында сандық технология ұлттық тасымалдаушыға да, жүк жөнелтушілерге де, жүк алушыларға да тиімді.

– Экономиканың барлық салаларында сандық технологияларды енгізу, жұмыс процестерін автоматтандыру жүргізілуде. Одан теміржол да шет қала алмайды. Сандық технологияларды қолдану едәуір үнемге әкеледі. Бұл – штатты қысқарту деген сөз емес. Цифрлы теміржолды іске асыру әрбір қызметкерге жаңа талаптар жүктеп, теміржолшыларды жаңа белестерге бейімдейді. Бірде-бір адам жұмыссыз қалмайтынына сенімдімін, – дейді жүк тасымалына жауапты акционерлік қоғамдағы цифрлы трансформация, оның мыңдаған теміржолшылар жұмыс істейтін ұжымдардағы әсері жайлы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ бас директоры Қайрат Сәуірбаев.

Жүк тасымалын рәсімдеу процесін оңай және тиімді еткен Цифрлық темір жолдың маңызды жобаларының бірі – бұл «Шарттық және коммерциялық жұмыс» (АСУ ДКР) автоматтандырылған басқару жүйесі. Бүгінде жүйе «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық жүк станцияларына енгізілген.

Онда жүк жөнелтушілер, жүк алушылар, экспедиторлық ұйымдар бар, 50 мыңға жуық клиент тіркелген. Оларға 7 000-нан астам теміржолшы қызмет көрсетеді. Бүгін жүк жөнелтушілер автоматтандырылған жүйе арқылы қағазсыз технология бойынша тасымалдау құжаттарын онлайн-режимде жедел ресімдей алады.

Тасымалдау құжаттарын алу немесе ұсыну үшін жөнелту станциясына бару да қажет емес. Қазіргі уақытта республикаішілік қатынастағы тасымал құжаттарының 90%-ы қағазсыз технология бойынша рәсімделеді.

Сондай-ақ, жүйе арқылы вагондарды басқа мекенжайға жіберуге электрондық өтінім беруге болады.

Мұндай формат қайта жіберуге өтінім беру процесін 2 күннен 1 сағатқа дейін, жоспарлау процесін – республикаішілік жөнелтімдерде 11 сағаттан 5 минутқа дейін, экспорттық жөнелтімдерде – 2 күннен 1 сағатқа дейін, сондай-ақ қайта бағыттау процесін 2 күннен 1 сағатқа дейін қысқартып отыр. Саланың болашағы инновациялармен тікелей байланысты.

Осы ретте, бірегей жоба деп қозғалыстың болжамды графиктерін әзірлеудің автоматтандырылған жүйесін атар едік. Ол энергиятиімді кесте бойынша қозғалысты ұйымдастыруға және тасымалдау процесін нәтижелі жоспарлауға мүмкіндік береді.

«Энергодиспетчерлік тартым» автоматтандырылған басқару жүйесі (ЭДТ АБЖ) локомотивтердегі дизель отыны мен электр энергиясын тұтынуды азайтуға мүмкіндік беріп отыр. Сонымен қатар «Пойыз қозғалысын басқару орталығы» жобасы жүзеге асырылуда.

Бұл енгізілген технологиялар жүк тасымалының тиімділігін арттырады. Келесі бір мәселе, тәжірибе көрсеткендей, бейінді емес функциялар пайда әкелмейді, бірақ өмірлік қажеттілік болып табылады, сондықтан «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ негізгі емес функцияларының бір бөлігін аутсорсингке беру туралы шешім қабылдап отыр. Бейінді емес қызмет түрлерін беру кезінде әлеуетті өнім берушінің алдында қойылған міндетті шарт, ол барлық тілек білдірушілер үшін жұмыс орындарын сақтау.

Өткен жылы нарыққа пошталық хат-хабарларды тасымалдау экспедиторлар қызметі берілді. Биылғы наурыздан бастап локомотив бригадаларының қызметкерлеріне олардың атқаратын лауазымына сәйкестігін анықтау үшін психофизиологиялық тестілеулерді аутсорсерлер жүзеге асырады.

Сондай-ақ аутсорсингке локомотив бригадаларының демалысын ұйымдастыру, көлікпен тасымалдау, стационарлық объектілерді қоса алғанда, объектілерді қорғау, ғимараттар мен құрылыстардың күтімін жасау және оларға қызмет көрсету, оның ішінде ғимараттарды, құрылыстарды және іргелес аумақтарды жинау жөніндегі қызметтер берілетін болды.

Ал шілде айында «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Магистральдық желі дирекциясы» орталық аппараты мен филиалдарына қозғалыс және вагон шаруашылығы жөніндегі функцияларды беру аяқталмақ. Қайрат Сәуірбаев атап өткендей, теміржолға бірде-бір бағдарлама оның экономикалық мақсаттылығы дәлелденгенше енгізілмейді. Ал ұжымға әсер етуі мүмкін шешімдерді қабылдар алдында теміржолшылар кәсіподағымен келісуден өтеді.

Қазіргі таңда «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ тарапынан жаңа қызметкерлерді қабылдауға мораторий жарияланған. Жұмыстан босатылған қызметкерлер басқа лауазымдарға жұмысқа орналасу, қайта оқудан өту, өтемақы алу, зейнеткерлік демалысқа мерзімінен бұрын шығу мүмкіндігіне ие болмақ.

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады