Қазақстан темір жолында инфрақұрылымды жаңғырту және жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Инфрақұрылым
04.06.2026, 14:00
Оқуға 2 мин

ҚТЖ теміржол инфрақұрылымын жаңғырту және жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуде. Инфрақұрылымдық жобалар шеңберінде 3 мың км астам теміржол желілерін жаңғырту жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бүгінгі таңда Қызылжар – Сексеуіл, Алтынкөл – Жетіген және Ақсу – Жаңа-Семей учаскелерінде 1209 км жол жаңғыртылды. Жұмыстар бекітілген кестелерге сәйкес жүргізілуде, оларды аяқтау 2026 жылға жоспарланған.

Сонымен қатар, жөндеу-жол науқаны іске асырылуда, оның шеңберінде ағымдағы жылы 1 577 км темір жолды жөндеу көзделген. Науқан ақпан айында Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде басталды. Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша 288 км жол жөнделді. Жазғы кезеңнің басталуымен жұмыстар еліміздің барлық өңірлерінде өрістетілді.

Өткізілетін іс-шаралар теміржол желісінің өткізу қабілетін арттыруға, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және учаскелерде белгіленген қозғалыс жылдамдығын қолдауға бағытталған.

Жолды жаңғырту мен  жөндеу жұмыстары техникалық және технологиялық жағынан күрделі үдеріс болып табылады. Оларды орындау үшін технологиялық «толаскездер» -  жұмыстарды қауіпсіз жүргізу және пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті пойыздар қозғалысындағы уақытша үзілістер ұсынылады.

Астана – Алматы, Астана – Тобыл, Көкшетау – Қостанай, Қандыағаш – Тобыл, Астана – Павлодар және Арыс – Сарыағаш учаскелерінде ұзақ технологиялық «толаскездер» көзделген. Бұл бағыттар күн сайын жолаушылар мен жүк пойыздарының едәуір бөлігі жүретін елдің теміржол желілерінде ең көп жүретін бағыттардың бірі болып табылады.

Жұмыстарды жүргізуге байланысты жекелеген учаскелерде тасымалдау процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті пойыздардың қозғалыс жылдамдығына уақытша шектеулер енгізіледі. Бұл жолаушылар пойыздарының жүру кестесіне және жүктердің өтуіне әсер етуі мүмкін.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ жолаушылардан, жүк жөнелтушілерден және жүк алушылардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды. Жүргізіліп жатқан жұмыстар пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін, теміржол инфрақұрылымының сенімділігін және тасымалдау процесінің сапасын арттыруға бағытталған.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды