Бақты-Аягөз теміржол желісін салу мерзімі ерекше бақылауға алынды

Инфрақұрылым
13.07.2026, 08:00

"Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Орынбасаров жұмыс сапары барысында Қазақстанның көлік саласының ірі инфрақұрылымдық жобаларының бірі – Бақты — Аягөз теміржол желісінің құрылысын тексерді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жоба басшылығымен, бас мердігермен, техникалық қадағалау өкілдерімен және жауапты орындаушылармен өткен кеңесте құрылыс қарқыны, объектінің техникамен, еңбек ресурстарымен және материалдармен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ жұмыс сапасы, өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері қаралды.

Құрылыс барлық учаскелерде бір уақытта жүргізіледі. 20 млн текше метрге жуық жер жұмыстары орындалды, бұл жобалық көлемнің 51% -н құрайды. Осы жылдың қазан айында жер төсемін салуды аяқтау жоспарлануда.

Құрылыс-монтаж жұмыстары барлық жасанды құрылыстарда, соның ішінде 47 көпір, 317 су өткізгіш құбыр және 18 мал айдау жұмыстары бойынша жүргізілуде.

Биыл  мердігер 50 шақырым теміржол салуды жоспарлаған болатын. Алайда, ҚТЖ басшылығының тапсырмасы бойынша жұмыс көлемі 70 км-ге дейін ұлғайтылды.

Құрылыс алаңына 856 бірлік техника мен 1 356 маман жұмылдырылды. Қызметкерлер үшін төрт вахталық қалашық салынды: олар -  Ай, Шолпан, Үржар және Бақты.

Жоба отандық өндірушілер мен мердігерлік ұйымдардың қатысуымен жүзеге асырылады. Жобаны іске асыруға қазақстандық кәсіпорындардың кең ауқымы тартылды. Рельстерді Ақтөбе рельс арқалық зауыты, бағыттамалық бұрмаларды — "Проммашкомплект" зауыты, темірбетонды шпалдар мен рельсті бекіткіштерді — "Магнетик" компаниясы жеткізеді, темірбетон конструкциялары жергілікті жерде АЗМК-мен бірлесіп өндіріледі, Цементті "Шарцем"ЖШС(Семей қ.) және т. б. жеткізуде. 

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша басқарма төрағасының міндетін атқарушы құрылыс кестесінің мүлтіксіз сақталуын, жобаны іске асырудың жоғары сапасын қамтамасыз етуді, жұмыс қарқынын жеделдетуді, қауіпсіздік талаптарын сақтауды тапсырды.

Ұзындығы 303 км болатын Бақты – Аягөз теміржол желісі Қазақстан мен Қытай арасындағы үшінші теміржол шекара өткелінің ашылуын қамтамасыз етеді, бұл көлік дәлізінің өткізу қабілетін жылына 25 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

 

 

Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты