Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр

Инфрақұрылым
05.10.2026, 10:36

Қазақстанда көлік инфрақұрылымын жаңғырту және өңірлер арасындағы көлік байланысын күшейту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын орындау аясында автомобиль, теміржол, авиация және теңіз инфрақұрылымын дамытуға басымдық беріп отыр, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бүгінде елде тағы 800 шақырым теміржолдың құрылысы жүргізілуде. Соңғы бес жылда Қазақстанда 911 шақырым жаңа теміржол салынған. Сонымен қатар қолданыстағы шамамен 2,6 мың шақырым теміржол жаңғыртылып жатыр.

Көлік саласын цифрландыру жұмыстары да жалғасуда. Теміржолда пойыздардың қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін GPS-трекерлер негізіндегі «Пойыздар қозғалысының онлайн-таблосы» сервисі енгізілді.

Бұдан бөлек, теміржол нысандарында спутниктік интернет технологияларын дамыту қолға алынған. Атап айтқанда, OneWeb және Starlink жүйелерін енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша да цифрлық шешімдер кеңінен қолданылуда. Дәлізде Digital Trade Corridor платформасы енгізіліп, кедендік рәсімдерді жеделдетуге мүмкіндік беретін Tez Customs модулі іске қосылды.

Жаңа цифрлық жүйенің нәтижесінде кедендік рәсімдеу уақыты 8 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарған.

Жалпы қабылданған шаралардың нәтижесінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша жүктерді жеткізу мерзімі де айтарлықтай азайды. Бұған дейін жүк тасымалы орта есеппен 38 тәулікке созылса, қазір бұл көрсеткіш 13-17 тәулікке дейін қысқарған.

Үкіметтің мәліметінше, көлік инфрақұрылымын дамытудағы негізгі мақсаттардың бірі өңірлер арасындағы байланысты жақсарту, жол жүру уақытын қысқарту және халықаралық көлік дәліздері арқылы өтетін жүк ағынын жеделдету болып отыр.

 

Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды