Жүк тасымалының 80 пайызын мұнай және химия өнімдері құрайды

Сұхбат
04.02.2022, 13:59
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Ел экономикасының күретамыры саналатын темір жол – тәуелсіз мемлекетіміздің іргелі бір саласы және соңғы 25 жыл бойына әлеуетін арттыруға күш салып келе жатқан компания. «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «Батыс» филиалы Атырау қосалқы бөлімі өткен жылды қалай қорытындылады? Бұл сұрақтың жауабын аймақ темір жолының басшысы Аслан Базарғалиевпен сұхбатымыз барысында білетін боламыз.

– Аслан Лұқпанұлы, бөлімшенің қазіргі тыныс-тіршілігі туралы айтып берсеңіз. 
– Өзіңіз білесіз, соңғы екі жылда елдегі коронавирус инфекциясына қатысты қауіпсіздік шаралары қатаң болды, көптеген шектеулер болды. Бірақ өндіріс тоқтаған жоқ, темір жол қалыпты жұмыс режимін сақтады. Атырау қосалқы бөлімі, бұрынғыша айтқанда, жүк тасымалы бөлімшесі – еліміздің батысындағы ірі кәсіпорын саналуымен бірге, Қазақстанның көлік әлеуетін дамытуда стратегиялық маңызға ие, атқаратын жұмыс көлемі бойынша 1-ші категорияға жататын, аумағы да, ауқымы да кең, соған орай жұмыс көлемі де үлкен әрі күрделі бөлімше. Өңірдегі темір жол арқылы тасымалданатын жүк көлемінің 70-80 пайызын мұнай және мұнай-химия өнімдері құрайды. Сол себепті де қара алтынның кені саналатын Атырау өңірінің ел экономикасына қосып отырған сүбелі үлесінде өлке темір жолының алатын орны ерекше. Сондықтан да Мақат, Құлсары, Атырау, Сағыз, Махамбет, Ақжайық, Теңдік, Қарабатан, Доссор, т.б. телімдік және жүк станцияларының жұмысы аса қауырт, қысы-жазы, тәулік бойы бір сәтке де тыныс алмай, мұнай тиелген цистерналар ағылып жатады. Өткен жылда теміржолшылар барлық сыннан мүдірмей өтті деуге болады. Айталық, өткен жылы пайдаланым жүк айналымы жүз пайыздан жоғары болды. Жоспардағы 9633 млнткмнетто орнына 10428,3 млнткмнеттоны құрап, 108,3 пайызға орындалды. Вагонның орташа статистикалық салмағы – 101,1, тиелген вагонның динамикалық салмағы – 102,2, жүк вагондарының тиелген вагондарға шаққандағы жүрісі – 108, пойыздың орташа салмағы – 101,4, локомотив жүрісі 100,8 пайызға орындалды. Кейбір көрсеткіштер межеге жетпеді, өйткені Теңіз кенішінде, Атырау мұнай өңдеу зауытында цехтар жөндеуге тұрып қалды, басқа да себептер болды. Тасымал тасқынын жақсарту үшін соңғы жылдары аймақта бес разъезд ашылды, Мақат станциясындағы сұрыптау дөңесі реконструкцияланды. Ақжайық, Теңдік, Қарабатан станцияларының қуатын арттыру бағытында да біраз жұмыстар атқарылды. Соның ішінде қайта жаңғырудан өткен Теңдік станциясы үлкен әлеуетке ие болды. Атырау мұнай өңдеу зауытымен қоян-қолтық жұмыс істейтін станцияның қуатын арттыру компания басшылығының бастамасы, нәтижесі біз күткеннен де жоғары. Станцияларда бұрмаларды түгел автоматтандырдық, бөлімшенің жүк өткізу қабілеті мен техникалық қуатын арттыру бағытында атқарылған жұмыстар вагондарды қабылдау-жөнелтуді жылдамдатып, жұмысты жеңілдетті.

– Станциялардың қазіргі сәтте пойыздарды өткізу қабілеті қаншалықты?

– Бөлімше бойынша 50-ге жуық ірілі-ұсақты станциялар мен разъездер, құрылымдық бөлімшелер бар, оларда екі мың жарымнан астам адам еңбек етеді. Пойыздар өткізу қабілеті орташа есеппен алғанда тәулігіне 19-дан 28 жұп пойызға дейін. Солардың ішінде Мақат станциясы «кластан тыс» станция, ал Теңдік станциясы «ІІІ класты» станция мәртебесіне ие. Соңғы жылдары жолдарды күрделі жөндеу көлемі артып, өткізу қабілетіне жағымды әсер етті. Бұрын сағатына 60 шақырым жүретін жолдарда қазірде пойыздар 100-120 шақырым- мен жүреді. Ол, әрине, жақсы көрсеткіш деп білеміз. Атыраудан Сағызға дейінгі жолдар плет рельстермен алмастырылды. Атырау-Құлсары жолы да солай.

– Қозғалыс қауіпсіздігі – темір жолдағы ең маңызды мәселе, бұл бағытта ахуал қандай?

– Әрине, темір жол үлкен сала, бөлшек-бөлшек құрылым, бірақ бәрінің де негізгі міндеті – қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 2021 жылы пойыздық және маневрлік жұмыстарда ақау, өндірістік жарақат алу жағдайы болған жоқ. Жолдың сапалы болуы жүк және жолаушылар пойызының қауіпсіздігі мен жылдамдығына тікелей әсер етеді. Жоспар бойынша 2021 жылы аймақта 55,53 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті, өңірдегі біраз жолдар жаңарып қалды. Жұмысшылар арнайы киім және қорғаныш құралдарымен 100 пайыз қамтамасыз етілген.

– Аслан Лұқпанұлы, компания еңбек ұжымдарында әлеуметтік шиеленісті азайтуға маңыз беріп отырғанын білесіз. Теміржолшылар арасында әлеуметтік тұрақтылық қалай?

– Әлеуметтік саясат және жұмысшыларды ынталандыру бойынша бөлімшеде арнайы жоспар жасақталған. Кешенді жоспарға сәйкес өткен жылы еңбек жағдайын жақсартуға 10 шара белгіленген болса бәрі де орындалды, 50171,78 мың теңге толықтай игерілді. Бүгінде жұмыс- шылардың орташа жалақысы 241 мың теңге шамасында, оған қоса сыйақысы бар. Жалпы айтқанда, ұжымда әлеуметтік тұрақтылықты сақтау шаралары басты назарда. Еңбек жағдайын жақсартып жатырмыз, «ҚТЖ-ның 100 жас келбеті» бағдарламасына сай жастарды көтерудеміз. Мәселен, екі кандидатура – бірі Атырау станциясының бас инженерлігіне, екіншісі Махамбет станциясының кезекшісі лауазымына ұсынылды.

– Қазіргі талап бойынша сандық техноло- гияларды өндіріске енгізу қарқын алғаны белгілі, осы бағытта қандай жұмыстар жүргізілуде?

– Қазірде барлық салада цифрландыру процесі жүріп жатыр ғой, темір жол да жаңашылдықтан кенде емес. Компанияның салалық бағдарламалары арқасында Атырау бөлімшесіне де жаңа технологиялар енгізілуде, инновациялық жобалар жүзеге асырылуда. «Цифрлық теміржол» стратегиясы, «Келісімшарттық және коммерциялық жұмыс» автоматтандырылған басқару жүйесі (АБЖ ДКК) және АСУ ДКР жүйесін, авмоттандырылған басқару жүйесін (АСУ ЭДТ) пайдаланамыз. АСУ ДКР жүйесіне 16 станция қосылған. Пойыздар қозғалысы кестесінің автоматтандырылған (ГИД Урал) жүйесі де енгізілді. Бөлімше бойынша «ГИД Урал» жүйесіне 14 станция мен 78 абонент қосылған. Электрондық құжат айналымы, сондай-ақ, SAP жүйесі де енгізілді. Бүгінде қағазсыз технологиямен жұмыс бойынша өңірде 983 жүк жөнелтушілер және жүк қабылдап алушылармен келісім-шарттар жасақталды.

– Биылғы жылы тасымал көлемін арттыруда қандай жоспарларыңыз бар?

– Жалпы тасымал көлемі артады деген болжамымыз бар. Биылға межеленіп отырған көлем – 10 млн 235 мың тонна, ол деңгейге жетеміз деп ойлаймын. Себебі, 2022 жылы Теңдік станциясы бойынша жүк жөнелтуші «Батыс Транс Групп» ЖШС көп көлемде мұнай өнімдерін тиемек. Сол сияқты басқа да компаниялармен Батыс Ескене арқылы ай сайын 27-ден 32 маршрутқа дейін 60 жартылай вагон түйіршіктелген күкірт жөнелтілмекші. Қарабатан станциясы бойынша «Теңізшевройл» ЖШС тәулігіне 10756 тонна мұнай өнімдерін жібереді. Өткен жылы «Қазтеміртранс» АҚ меншігіндегі 10288 вагонға жүк тиелді, ол – жалпы жүктің 5,24 пайызы, енді осыны жабық вагондарда 8%-ға , жартылай вагондарда 25%-ға арттыруды көздеп отырмыз. Цифрлық дамуға байланысты биыл Теңдік, Сағыз, Қарабатан станцияларында АСУ СТ-Узел автоматты кешенді басқару жүйесін орнату жоспарымыз бар. Мұның бәрі тасымал тасқынын арттырып, табыс көлемін көбейтуге көмектеседі деп сенеміз.

– Әңгімеңізге рахмет!

Жаңалықтар
22.11.2024
ҚТЖ Бескөл депосында дизель отынының ұрланғанын анықтады
Жаңалықтар
22.11.2024
Ақмола бөлімшесі инфрақұрылымды жаңартуды және инновацияларды енгізуді жалғастыруда
Жүк тасымалы
22.11.2024
Қостанай ЖТ бөлімшесі қараша айында 2 359 вагон астық тиеді
ҚТЖ келбеті
22.11.2024
Жол монтерлерінің бір күні
Қауіпсіздік
22.11.2024
Жамбыл өңірінде қыста да қараусыз мал тиылмайды
Аймақтар
22.11.2024
«Syrmaq Fest»: Маңғыстаулық теміржолшы қолөнер көрмесін ұйымдастырды
Қауіпсіздік
22.11.2024
Шымкент станциясында өндіріс жарақатының алдын алу шарасы өтті
Әлеумет
22.11.2024
Күзет қызметкерлеріне көрсетілетін қолдау көп
Жаңалықтар
22.11.2024
Кәсіподақ сарапшылары құзыретін арттырды
Цифрландыру
22.11.2024
ІТ тақырыбына арналған білім сайысы өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
22.11.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №99 22 қараша 2024 жыл
Жолаушылар тасымалы
21.11.2024
№42 «Атырау-Алматы» жолаушылар пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылады
Жаңалықтар
21.11.2024
Құрық портының түбін тереңдету жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды
Спорт
21.11.2024
Теміржолшылар арасында спартакиада өтті
Жаңалықтар
21.11.2024
ҚТЖ жол диагностикасының инновациялық технологияларын енгізуде
Жаңалықтар
21.11.2024
ҚТЖ Еуропадағы терминалдық желіні кеңейтуде
Жолаушылар тасымалы
20.11.2024
Семейде қаламаңы тасымалында тиімді бағдарлар көбейеді
Жүк тасымалы
20.11.2024
Ақмола бөлімшесі 307 мың тоннадан астам астық тиеді
Жаңалықтар
20.11.2024
Қазақстан көлік-транзит дәліздерін ТМД + форматында дамытпақ
Әлемде
20.11.2024
Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан темір жол құрылысы бойынша келіссөздің соңғы сатысы жүріп жатыр