Аударма мәселесі алаңдатады

Сұхбат
12.03.2024, 11:32
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазір мемлекеттік тілдің көп жағдайда аударма тілге айналып, оның өзінің калькаға бейімділігі, қазақ тілінің шұрайы мен тілдік нормаларының бұзылуы жиі айтылып жүр. Бұл ретте ауыр техникалық терминдері көп теміржол саласында да аударма ісін жүргізуде қиындықтар кездеседі. Осыған орай жиырма екі жылдан бері ұлттық компанияның әкімшілік-басқару құжаттарының аудармасы мен дұрыс жазылуын қадағалап келе жатқан «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Әкімшілік басқармасы» филиалы ұйымдастырушылық және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің менеджері Ришат Сағымбаевпен сұхбаттасқан едік.

– Ришат Мэлсұлы, мамандығыңыз тарихшы бола тұра аударма ісімен айналысып келесіз. Ал теміржолға келгеніңізге жиырма жылдан асыпты. Жалпы сіздің бұл саладағы міндеттеріңізге не кіреді?  

– Аудармамен айналысқаныма биыл 31 жыл толады, соның 22 жылы осы компанияда өтіп жатыр. Өкінішке орай бұйрықтар мен өкімдер, хаттар әлі күнге дейін ресми тілде, яғни орыс тілінде дайындалады да қазақ тіліне аударылады. Соның барысында орындаушылар көбіне Гугл, Яндекс аудармашы сияқты интернет желісіндегі қосымшаларды қолданады. Қызметкерлердің басым көпшілігі оны сол күйінде қол қоюға апарады. Менің міндеттеріме негізінен басқарма төрағасының, оның орынбасарларының, басқарушы директорлардың қол қоюымен шығатын бұйрықтар мен өкімдердің, сол бұйрықтармен бекітілетін нұсқаулықтардың, ережелердің қазақ тіліндегі нұсқасының орыс тіліндегі нұсқасына сәйкестігін тексеру, сонымен қатар олардың сөйлем құрылысының қазақ тілі грамматикасына сәйкестігін, мәтіндегі орфографиялық, грамматикалық қателерді түзету кіреді. Сондай-ақ менің негізгі міндеттерімнің бірі – біздің компаниядан мемлекеттік органдарға, меншік түріне қарамастан барлық заңды тұлғаларға жіберілетін шығыс хаттарын түзету, жеке азаматтардың өтініштеріне жауаптарды тексеру кіреді. Компания басшылығының ҚР Президентінің Әкімшілігінде, Парламентінде, Үкіметінде жасайтын баяндамаларын мемлекеттік тілге аудару да менің жұмысым.  

– Қазіргі таңда аударма тілінде мәселелер көп, калька аудармалар кесірінен қазақ тілі өзіндік құнарынан айрылып бара жатқан сияқты. Осы тұрғыда не айтар едіңіз, алаңдауға негіз бар ма?  

– Рас айтасыз, тәуелсіздік алғанымызға 30 жылдан асып кетсе де, орысша сөйлейтін, орысша ойлайтын қандастарымыз қай салада болмасын әлі де көп. Олар ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүріп, «кезінде орысша оқығанбыз, солай үйренгенбіз» деп сылтауратып барлық құжаттарын орыс тілінде дайындайды. Тіпті қазақша дайындап берген құжаттардың орыс тіліндегі аудармасын сұрататындар да бар. Құжаттарды орыс тілінен қазақ тіліне аударуда калька аудармалардың кесірінен тіліміздің жұтаңдап бара жатқаны да жасырын емес. Бұл мәселе көзіқарақты азаматтарды, тіл саласындағы мамандарды ерекше алаңдататын да, толғандыратын да өзекті мәселеге айналған. Тіл, аударма саласында жүргендіктен мені де бұл мәселелер бей-жай қалдырмайды. Алаңдататын дүние көп, солардың ішінде ең бастысы өскелең ұрпақтың қазақ тіліндегі білімі мен тәлім-тәрбиесі дер едім.  

– Қазір қолданыста бар қандай теміржол терминдерінің аудармасына көңіліңіз толмайды? Жалпы сала құжаттарын аудару барысында қандай сөздіктерге жүгінесіз?

– Теміржол саласында терминдер өте көп. Олардың бәрін бірдей аудара беруге келмейді. Халықаралық қолданыстағы сөздердің қазақша баламасын іздеген боламыз, бірақ көп жағдайда келмейді, мысалы «сигнализация» сөзін кейбіреулер белгі беру деп аударады. Ал негізінде белгі беру деген орысшасында «подать знак, сигнал», сондықтан сигнализация сол күйі қалу керек. Терминдерді аударғанда өте сақ болу керек және халықаралық атауымен қалдырсақ дұрыс болар еді деп ойлаймын. Негізі аударма мәселесі мемлекеттік тұрғыда шешілетін проблема. Терминдер аудармасы бойынша желілік бөлімшелерден ұсыныстар алып, оны елеп-екшеп, Көлік министрлігіне беруіміз керек, себебі тікелей Мемтерминкомға бере алмаймыз. Мемтерминком Тіл комитеті құрамында, сол жақта бекіткен терминдерді қолдану керек, әйтпесе әркім өз білгенімен әртүрлі аудармамен берсе, әбден шатасып, тіліміздің шұрайлылығын төмендетіп, тілдің шұбарлануына әкелеміз. Негізі мен аударма саласында жүргелі 30 жылдан асып кеткендіктен сөздікке жүгіне қоймаймын. Дегенмен осы аударма ісімен айналысатындарға мемлекеттік терминком қолдауымен шығарылған, әрбір салаға арналған 32 томдық сөздіктерді пайдалануды ұсынамын.  

– Әңгімеңізге рахмет!  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті