Вокзалдағы билет мәселесі әлі де өзекті болып тұр

Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Кейінгі жылдары билет алуда ашықтық сақталып, делдалдардың тірлігіне тұсау салынды дегеннің өзінде «қолдан келсе, қонышынан басып», жоқ жерден оңай табыс табуды көздегендердің әрекеті тыйылған жоқ, сонымен қатар вокзал жағалаған алыпсатарлар әлі де кездеседі.

Жуырда осындай делдалдарға тап болған Базарбай есімді Тараз тұрғыны әлеуметтік желіде пікір білдірген еді. «15 тамызда Нұр-Сұлтанға іссапармен баруым керек болды. Электронды билет таппаған соң вокзалға бардым. «Жолаушылар тасымалы» АҚ кассаларында билет жоқ. Бірақ жеке коммерциялық кассадағылардың тамырын басып көрсем, 7 мыңның үстінде билеттері (Нұр-Сұлтанға дейін) 14 мыңнан сатылуда екен. «Әй дейтін әже, қой дейтін қожа» болмаған соң «қазаншының өз еркі, қайдан құлақ шығарса» болып отыр ғой» дейді ол жазбасында. Автор делдалдар билетті кассадан онлайн сатып алып, кейін ортада келісім жүргізетін бұрыннан таныс азаматтарға саудалайтынын алға тартады.  

Осы жазбаға пікір қалдырғандардың арасында жолсерікке екі есе ақысын төлесе, жолай алып кетуге дайын екенін жазғандар да аз емес және алыпсатармен билет бағасына наразылық білдіргендердің пікірлері де көп болды. Желіде қаузалған мәселеге «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ да назар аударып, ресми жауабында жазғы кезеңде жолаушылар тасымалына сұраныстың артатынын айта келе, «билет сатып алу үшін «күту парағы» қызметін пайдалана аласыз» деп қысқа қайырған.  

Тараз вокзалындағы «Жолаушылар тасымалы» АҚ кассасымен қоса «Баянды жол сервис», «Aistar» сынды билет сататын агенттіктер кассалары бар. Тараз вокзалының бастығы Дидар Мүсреталиев билет сататын кассалар оларға бағынышты емес екенін, «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамына қарайтынын  айтады. Ал жекеменшік агенттіктер қызметі үшін әр билеттен қосымша 500 теңге алып отырады екен.  

– Қазір жолаушы көп, тәулігіне 9-10 мың адам вокзалға келіп-кетеді. Билеттер электронды болса да вокзалға ағылатындар аз емес. Ал желідегі жазбада факті нақты емес сияқты. Өйткені жекеменшік кассалар өзіне тиесілі 500 теңгеден артық алды дегенді естімедім. Маған мұндай мәселе бойынша ешкім шағым айтып келген жоқ. Арызданса, жоғары басшылыққа шығар едім. Пойыздар Тараз қаласынан шықпаған соң, билетті алдымен пойыз жүретін бастапқы аймақ жұрты бірінші алады. Ал Тараз – транзиттік бекет. Бұрын вокзал басшыларында 3-4 «бронь» болатын. Яғни, түрлі жағдайға байланысты сапарға шұғыл шығатындарға сол билет тиетін. Қазір ол да жоқ, қысыл-таяңда колдан келер ешқандай көмегіміз жоқ, – дейді вокзал бастығы.  

Расында, электронды билеттердің әр өңірге үлестіріліп берілуі кей аймақтарды «шөміштен қағатындай» көрінеді. Мысалы, Түркістан–Нұр-Сұлтан бағытындағы пойыздың билеті Түркістан, Шымкент, сол секілді Тараз қаласына есеппен бөлінеді де, Таразда ол билет 45 күнге жетпей сатылып кететін көрінеді. Мұндай жағдайда жолаушылар билетті Тараздан емес, Түркістан немесе Шымкенттен сол қаладағы бағасына сай онлайн сатып алуға мәжбүр болады.  

Бүгінде электронды билетке сұраныс жоғары болған соң, вокзалдағы кассалар саны қысқарған. Халықтың 60-70 пайызы электронды билет алуды жөн санайды. Билет сатылатын база жалпыға ортақ болған соң, бар билетті ешкім жасыра алмайды. Бұл оң өзгерістер жолаушылар тасымалындағы келеңсіздіктерді реттеуге айтарлықтай әсер ететіні айтпаса да түсінікті. Алайда «қалауын тапқандар» жоқ жерден пайда көруге тырысып бағуда. Ал жолаушыда таңдау бар ма, әйтеуір жолдан қалмасам болды дейді...  

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл