Наурыз мейрамында қосымша жолаушылар және электро пойыздар қатынайды

Жолаушылар тасымалы
13.03.2024, 10:56
Оқуға 2 мин

«Наурыз мейрамы» кезінде жолаушылар тасымалына сұраныстың артуына байланысты қосымша үш пойыз жолға шығады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Олар келесі бағыттар бойынша қатынайды:

-№201/202 «Астана-Алматы» жолаушылар пойызы бойынша 4 рейс енгізіледі: Астанадан 18, 20, 22, 24 наурызда сағат 22:00-де жөнелтіліп, Алматыға 19, 21, 23, 25 наурызда сағат 17:20-да келеді, кері бағытта Алматыдан 19, 21, 23, 25 наурызда сағат 21:00-де жөнелтіліп, Астанаға 20, 22, 24, 26 наурыз сағат 16:10-да келеді;

-№203/204 «Астана-Шымкент» жолаушылар пойызы бойынша 3 рейс енгізіледі: Астанадан 17, 20, 23 наурызда сағат 22:37-де жөнелтіліп, Шымкентке 18, 21, 24 наурызда сағат 22:52-де келеді, кері бағытта Шымкенттен 19, 22, 25 наурызда сағат 0:25-те жөнелтіліп, Астанаға 20, 23, 26 наурызда сағат 0:27-де келеді;

-№205/206 «Ақтөбе-Шымкент» жолаушылар пойызы бойынша 2 рейс енгізіледі: Ақтөбеден 20, 23 наурызда сағат 18:15-те жөнелтіліп, Шымкентке 21, 24 наурызда сағат 19:55-те келеді, кері бағытта Шымкенттен 21, 24 наурызда сағат 22:20-да жөнелтіліп, Ақтөбеге 23, 26 наурыз сағат 01:02-де келеді.

Сонымен қатар, Наурыз мейрамы кезінде жолаушылар пойыздарына, әсіресе тасымалдауға сұранысы жоғары бағыттарға 237 қосымша вагон қосылады.

Солтүстік аймақ бойынша енгізілетін қосымша вагондар:

-№45/46 «Павлодар-Түркістан» жолаушылар пойызына 20, 25 наурыз аралығында;

-№139/140 «Павлодар-Пресногорьковская» жолаушылар пойызына 21, 25 наурыз аралығында;

-№354/353 «Астана-Семей» жолаушылар пойызына 21, 25 наурыз аралығында;

-№623/624 «Астана-Петропавл» жолаушылар пойызына 20, 24 наурыз аралығында.

Батыс аймақ бойынша енгізілетін қосымша вагондар:

-№22/21 «Қызылорда-Семей» жолаушылар пойызы 20, 25 наурыз аралығында;

-№24/23 «Ақтөбе-Алматы-1» жолаушылар пойызы 21, 25 наурыз аралығында;

-№34/33 «Ақтөбе-Алматы-1» жолаушылар пойызы 20, 25 наурыз аралығында;

-№37/38 «Маңғыстау-Семей» жолаушылар пойызы 22, 24 наурыз аралығында;

-№47/48 «Атырау-Астана» жолаушылар пойызы 21, 23 наурыз аралығында;

-№313/314 «Маңғыстау-Атырау» жолаушылар пойызы 20, 23 наурыз аралығында;

-№614/613 «Орал-Маңғыстау» жолаушылар пойызы 20, 25 наурыз аралығында;

-№692/691 «Ақтөбе-Атырау» жолаушылар пойызы 20, 25 наурыз аралығында.

Оңтүстік аймақ бойынша енгізілетін қосымша вагондар:

-№87/88 «Алматы-Сарыағаш» жолаушылар пойызы 20, 26 наурыз аралығында;

-№77/78 «Алматы-Маңғыстау» жолаушылар пойызы 20, 26 наурыз аралығында;

-№351/352 «Алматы-Өскемен» жолаушылар пойызы 20, 26 наурыз аралығында;

-№21/22 «Қызылорда-Семей» жолаушылар пойызы 20, 26 наурыз аралығында.

Сонымен қатар, қала маңындағы бағыттар бойынша қосымша электр пойыздары қосылады:

-№7509 «Павлодар-Астана» электр пойызы бір бағытта 10, 24 наурыз;

-№7510 «Астана-Павлодар» электр пойызы бір бағытта 20, 21 наурыз;

-№6805/6806 «Астана-Көкшетау» электр пойызы 20, 25 наурыз;

-№6811/6812 «Астана-Бурабай курорты» электр пойызы 21 наурыз.

Қосымша пойыздарға билеттерді сату 5 наурызда басталады. Билеттерді bilet.railways.kz сайты және билет кассалары арқылы сатып алуға болады.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі, «KTZH_PP_BOT» бот жеделхаттары, сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның @jolaushylar_tasymaly ресми Instagram-аккаунты арқылы алуға болады.  

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті