ҚТЖ «Нұрлы Жол – Семей» бағытындағы пойызды жаңа вагондармен толықтырды

Жолаушылар тасымалы
16.03.2026, 16:07
Оқуға 3 мин

17 наурыздан бастап №353/354 «Нұрлы Жол – Семей» бағыты бойынша қатынайтын пойыз құрамына RWS Wagon компаниясының жаңа вагондары енгізіледі. Жаңартылған вагондар жолаушыларға жол жүру кезінде барынша жайлы жағдай жасауға бағытталған. Пойыз құрамы 9 вагоннан тұрады: 3 купелік, 5 плацкарт және 1 штабтық вагон. Бір бағытта пойыз 350-ден астам жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Пойыз күнара қатынайды. «Нұрлы Жол» станциясынан 17:55-те, ал Семей станциясынан 16:45-те жөнелтіледі.

Бұған дейін аталған бағытта 1993 жылы шығарылған вагондар қолданылған. Қазіргі уақытта пойыз құрамы жаңа буындағы заманауи вагондармен жаңартылды.

Жаңа вагондар дизайн, қауіпсіздік және жайлылық бойынша халықаралық талаптарға сәйкес жасалған. Купелерде эргономикалық ұйықтайтын орындар, жеке жарықдиодты шамдар, USB-порттар және электр желісіне арналған розеткалар орнатылған. Мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін арнайы купелер мен арбаға арналған орындар, сондай-ақ, жолсерікті шақыру батырмасы қарастырылған. Вагондардың қызмет ету мерзімі 40 жылға дейін.

Соңғы екі жыл ішінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ RWS Wagon (ЗИКСТО) өндірісінің 219 вагонын сатып алды. Жаңа вагондар сондай-ақ, «Ақтөбе – Атырау», «Павлодар – Түркістан», «Павлодар – Алматы», «Қызылорда – Семей», «Алматы – Саратов», «Алматы – Өскемен», «Астана – Көкшетау», «Астана – Бурабай курорты», «Қарағанды – Астана» бағыттарында да қатынауда.

Вагон паркін жаңарту Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Ұлттық тасымалдаушының негізгі стратегиялық бағыттарының бірі саналады. 2030 жылға дейінгі жаңғырту бағдарламасы шеңберінде жолаушылар вагондары толықтай жаңартылады.

Анықтама:

Техникалық сипаттамалары мен мүмкіндіктері. RWS Wagon (ЖШС «ЗИКСТО») компаниясы шығарған барлық вагондар 45-серияға жатады және жолаушылардың сапары кезінде жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін заманауи жабдықтармен өндірілген. Бұл вагондар мүмкіндігі шектеулі жандарға, балалы отбасыларға, егде жастағы жолаушыларға және халықаралық туристерге қолайлы болатындай етіп бейімделген. Кедергісіз қолжетімділік жүйесі мүгедектер арбасын пайдаланатын жолаушылардың вагонға бөгде көмексіз кіруіне мүмкіндік береді. Балалы отбасылардың ыңғайы үшін санитарлық тораптарда нәрестенің жөргегін ауыстыруға арналған арнайы үстелдер қарастырылған. Вагондарда Wi-Fi желісі және әр орынның жанында орналасқан USB-розеткалар жолаушыларға байланыста болып, оқу, жұмыс істеу немесе демалу кезінде құрылғыларын оңай қуаттауға мүмкіндік береді. Әрбір сөренің жанында орнатылған эргономикалық тұтқалар, тамбурлардағы жарықдиодты жарықтандыру, сондай-ақ, әр купеде температураны жеке реттеу мүмкіндігі сапар барысында жоғары деңгейдегі жайлылықты қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, жолаушылардың бағалы заттарын сақтауға арналған жеке сейфтер қарастырылған. Вагондардың ішкі әрлеуі экологиялық таза, гипоаллергенді материалдардан жасалған. Ал ауаны залалсыздандыру жүйесі инфекциялардың таралу қаупін төмендетуге ықпал етеді. Әрбір штабтық вагонда мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған кеңейтілген арнайы купе және санитарлық торап бар. Тамбур мен салон арасындағы батырма арқылы басқарылатын жылжымалы есіктер кеңістікті үнемдеп, шуды азайтады және пайдалануға ыңғайлы. Герметикалық вагон аралық өткелдер құрам ішінде тұрақты микроклиматты сақтауға мүмкіндік беріп, жолаушылардың вагондар арасында еркін қозғалуын қамтамасыз етеді. Вагондар әртүрлі температуралық жағдайларда жұмыс істеуге бейімделген, ал вакуумды әжетханалар пойыз ұзақ уақыт тоқтап тұрған кезде де қызметін жалғастырады. Ақпараттық таблоларда мәліметтер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде көрсетіледі. Ал вагон арбашалары қозғалыстың жұмсақ әрі бірқалыпты болуын қамтамасыз етеді.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды