Астана – Омбы халықаралық бағытында RWS Wagon компаниясының жаңа 45-үлгідегі жолаушылар вагондары қатынай бастады

Жолаушылар тасымалы
07.04.2026, 19:15
Оқуға 2 мин

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жылжымалы құрамды жаңарту бағдарламасы аясында №145/146 «Нұрлы жол – Омбы» халықаралық бағытына RWS Wagon зауытының заманауи 45-үлгідегі вагондарын шығарды. Жаңартылған пойыз құрамы «Нұрлы жол» вокзалынан аптасына үш рет – сейсенбі, жұма және жексенбі күндері қатынайды, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Пойыз құрамында жалпы сыйымдылығы 300-ден астам орынға есептелген 8 жаңа купелік және плацкартты вагон пайдалануға берілді. Сонымен қатар, ерекше қажеттілігі бар жолаушыларға арналған арнайы орындар қарастырылған. Пойыз Астанадан сағат 19:40-та аттанып, Омбы вокзалына ертесіне сағат 08:18-де (Мәскеу уақытымен) жетеді. Кері бағытта Омбыдан сағат 12:07-де шығып, елордаға 04:48-де оралады. Жалпы жол жүру уақыты 14 сағат 53 минутты құрайды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жолаушылар вагондары паркін жаңарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл – компанияның стратегиялық басым бағыты. Бүгін жаңартылған құрам «Астана – Омбы» бағытына жолға шықты. Аталған өзгерістер халықаралық көлік қатынасын дамытуға жаңа серпін береді», – деп атап өтті, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма төрағасы Дияр Нүсіпқожанов.

Жаңа 45-үлгідегі вагондар заманауи талаптарға толық сай келеді. Интерьері мерзімінен ерте тозуды болдырмайтын арнайы материалдардан жасалған, климат-бақылау және ауаны залалсыздандыру жүйелерімен, USB-порттармен және 220 В розеткаларымен, Wi-Fi желісімен,биодәретханалармен жабдықталған. 

Вагондарда бейнебақылау және өрт сөндіру жүйелері, сондай-ақ, жылдың кез келген уақытында қолайлы жағдайды қамтамасыз ететін кондиционер жүйесі орнатылған. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін аудиохабарлама, есіктерді жарықтандыру жүйелері, нәрестелерге арналған жөргек ауыстыру үстелдері және т.б. қарастырылған. 

Естеріңізге сала кетейік, Астана – Омбы бағыты 2025 жылдың қысында тұрақты қатынасқа енгізілген.

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті