Алматы – Ташкент бағытында «Әйелдер вагоны» іске қосылады

Жолаушылар тасымалы
27.08.2026, 08:00
Оқуға 2 мин

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2026 жылғы 1 қазаннан бастап алғаш рет №1/2 «Алматы – Ташкент» халықаралық пойызының құрамында «Әйелдер вагоны» қызметін іске қосады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Аталған пойыз Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тұрақты теміржол қатынасын қамтамасыз етіп, екі елдің ірі қалаларын байланыстырады.

«Алматы – Ташкент халықаралық бағыты Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жолаушылар қатынасын дамытуда маңызды рөл атқарады. Бағытқа сұраныстың артуы және жолаушылар ағынының өсуі ескеріле отырып, осы бағытта «Әйелдер вагонын» іске қосу туралы шешім қабылданды. Бұл қызмет ішкі теміржол бағыттарында да жолаушылар арасында жоғары сұранысқа ие. «Әйелдер вагоны» қызметі іске қосылғаннан бері оны 946 мыңнан астам жолаушы пайдаланды»,— деп атап өтті «Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Ахметжанов.

Қазіргі уақытта пойыз күн сайын қатынайды:

  • Алматы станциясынан жөнелуі — 19:05;
  • Ташкент станциясына келуі — 12:53 (Ташкент уақытымен);
  • Ташкент станциясынан жөнелуі — 14:41 (Ташкент уақытымен);
  • Алматы станциясына келуі — 08:51.

Жаңа вагонның іске қосылуына байланысты «Әйелдер вагоны» қызметі қолжетімді бағыттардың саны 14-ке жетеді:

  • №77/78 «Алматы – Маңғыстау»;
  • №351/352 «Алматы – Маңғыстау»;
  • №45/46 «Павлодар – Түркістан»;
  • №37/38 «Маңғыстау – Семей»;
  • №47/48 «Атырау – Астана»;
  • №33/34 «Ақтөбе – Алматы»;
  • №3/4 «Астана – Алматы»;
  • №71/72 «Астана – Шымкент»;
  • №353/354 «Астана – Семей»;
  • №23/24 «Ақтөбе – Алматы»;
  • №25/26 «Алматы – Шымкент»;
  • №613/614 «Орал – Маңғыстау»;
  • №81/82 «Нұрлы жол – Орал»;
  • №1/2 «Алматы-2 – Ташкент».

«Әйелдер вагонында» ересек адамның еріп жүруімен жеті жасқа дейінгі ұл балаларды қоса алып жүруге рұқсат етіледі. Бұл вагондарға билеттер тек әйелдерге сатылады, ал жолаушыларға тек жолсерік әйелдер қызмет көрсетеді.

Билеттерді теміржол кассаларынан кассирге «Әйелдер вагонын» таңдағанын хабарлау арқылы, сондай-ақ, bilet.railways.kz ресми сайтында онлайн сатып алуға болады. Билет рәсімдеу кезінде орынның әйелдер вагонына тиесілі екенін білдіретін «ЖН» белгісіне назар аудару қажет.

Билеттер пойыз жөнелтілетін күнге дейін 45 тәулік бұрын сатылымға шығарылады. Бұл жолаушыларға сапарын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды