Бала қиялынан басталған қадам

ҚТЖ келбеті
26.07.2022, 10:42

Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі Тараз станциясының пойыз құрастырушысы Жұмабек Өскенбаев көзін ашып көргені теміржол болғасын өзінің теміржолшы кәсібін таңдауын табиғи заңдылық деп санайды.

«Менің туып-өскен жерім – Түлкібастағы №114 разъезд. Үйелмелі-сүйелмелі алты ұл өстік отбасында. Іргеден тәулік бойы дүрсілдеп өтетін пойыздар бізге үйреншікті дүние болатын. Білесіз бе, тіпті сол «дүк-дүк-дүк» еткен пойыз даусынан санамақ ойнап, санауды үйрендік, «бір-екі-үш...» деп, ол кезде ауыл баласында одан өзге ермек те жоқ еді ғой. Бала қиялымыз кейде сол пойыздың ішінде кетіп барады немесе сол пойызды жүргізіп бара жатады. Тіпті, кейде дүрсілдеген пойыз үні 10-15 минутқа үзілсе, «не болып қалды екен» деп елеңдейтінбіз», – дейді біздің кейіпкеріміз. «Тау баласы тауға қарап өседі» демекші, есін білгелі болат жолдың бойында өмірін өткізіп келе жатқан Жұмабек Байсалыұлы ғұмырын теміржолмен байланыстыратынын осылай ертеден-ақ білді. Отбасындағы алты ұлдың бесеуі теміржолшы болды. Әкелері ерте қайтыс болып, жалғыз аналары алты бірдей ұлын өсіріп жеткізген екен. Өкініштісі, үлкендері Жорабек Жамбыл локомотив пайдалану депосында машинист болып жүргенде жол апатынан қайтыс болды. Жүрек талмасынан өмірі ерте үзілген тағы бір бауыры, Әскерилендірілген теміржол күзетінің сарбазы Мейірімнің де қазасы оңайға соққан жоқ. Дегенмен, «Орнында бар оңалар» деген, ұрпақтары өсіп келе жатқанына тәубе дейді. Ал Қалдыбек бүгінде Сұрым станциясында жол шебері, Ниятбек Шақпақ станциясының бастығы. Тек кенже ұл Мұратбек әскери қызметте. Бүгінде жасы 97-ге келген кейуана Қалбүбі ана ұлдарының амандығын тілеп, немере-шөберелерінің қызығын қызықтап отырған жайы бар. 1998 жылдан бері Тараз станциясында еңбек етіп келе жатқан Жұмабек өз кәсібін жақсы көреді. «Шынымды айтайын, басқа жұмысқа шақырғандар болды. Бармадым. Өзіме осы жұмысым ұнайды. Жанымдағы жігіттер де сайдың тасындай іріктелген кілең мықтылар» дейді Жұмабек. Теміржол – темірдей тәртіпті қажет ететін қатал сала. Өйткені, сәт сайын қауіппен бетпе-бет келесің. Сондықтан мұнда титтей қателіктің өзі кешірілмейді.

– Осыдан біраз жыл бұрын, бүгін-ертең үйленемін, отау құрамын деп отырған жап-жас жігіттің вагон арасында қысылып қалып жан тапсырғанын көзіміз көрді. Сондықтан, өндірісте сондай қайғылы оқиғалар орын алмас үшін теміржолдың девизі «екі шоқып, бір қара» болу керек. Кейде ауысымға түскенде тәулігіне 10-13 пойыз құрастырып, шашамыз. Отызға жуық адам жұмыс жасаймыз. Бастысы, еңбек қауіпсіздігі екенін бір сәт те естен шығармаймыз. Сонда жұмыс та жүйелі жүреді. Ауысым бастығының жұмысты дұрыс ұйымдастырып, жігіттердің өзара түсіністікпен жұмыс істей білуіне де көп нәрсе байланысты. Бұл тұрғыда біздің ұжымдай тату, ауызбіршілікті ұжым аз, – деді мақтанышпен Жұмабек.

Жолаушылар тасымалы
27.02.2026
Жолаушы пойызға үлгермей қалған жағдайда не істеу керек?
Цифрландыру
27.02.2026
Теміржолдағы технологиялық серпіліс
Жаңалықтар
27.02.2026
Апаттың алдын алғандар
Спорт
27.02.2026
Шаңғы жолындағы жарыс
Жаңалықтар
27.02.2026
Колледж бен жұмыс берушілер бас қосты
Жаңалықтар / Мұрағат
27.02.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №15 27 ақпан 2026 жыл
Жаңалықтар
26.02.2026
Ақтөбе теміржолшылары Мемлекеттік кеңесші мен жұртшылықтың қатысуымен конституциялық реформаны талқылады
Жаңалықтар
26.02.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» жаңа Конституциясының жобасын талқылады
Жаңалықтар
26.02.2026
Алматыда III Халықаралық ESE ASIA-2026 көлік форумы өтеді
Станция тынысы
26.02.2026
Атырау станциясының тыныс-тіршілігі
Станция тынысы
26.02.2026
Жіңішкенің жүктемесі жоғары
Инфрақұрылым
26.02.2026
Маңызды инфрақұрылымдық жобалар сөз болды
Аймақтар
25.02.2026
Атырау станциясының үздік маманы зейнет демалысына шықты
Әлеумет
25.02.2026
Рамазан – мейірім айы
Жаңалықтар
25.02.2026
ӘТЖК-да Конституцияны талқылау
Жаңалықтар
25.02.2026
Қазақстан теміржол өнімдерін Пәкістан нарығына экспорттайды
Әлемде
25.02.2026
Қытайда Көктем мерекесі кезінде 2,8 миллиард адам тасымалданған
Әлемде
25.02.2026
Қытайдан Тәжікстанға алғашқы контейнерлік пойыз жолға шықты
Әлеумет
24.02.2026
Ел болашағы туралы диалог
Қауіпсіздік
24.02.2026
Машинистер соқтығысудың алдын алды