Қырық жыл – қас-қағым сәт...

ҚТЖ келбеті
09.09.2022, 11:25
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау вагон депосының бас инженері Құбайдолла Дүзікбаевты әріптестері үлкен құрметпен зейнет демалысына шығарып салды. Саналы ғұмырын вагон шаруашылығына арнаған тарлан теміржолшымен ұжым қимай қоштасты.

 Қырық жыл уақыт ішінде жас теміржолшыдан бас теміржолшыға айналған майталман маманның вагон депосында өшпес қолтаңбасы қалғаны анық.  

– Маңғыстау вагон пайдалану депосының табысты қызметінің маңызды аспектісі Құбайдолла Дүзікбаевтың сауатты басшылығымен байланысты. Оның түбек теміржолының дамуына қосқан үлесі орасан. 1990 жылы бұл кісінің қатысуымен жолаушылар шаруашылығы жолсеріктерінің резерві ұйымдастырылды. Вагондарды жолға сапалы дайындау және санитарлық-тұрмыстық нормалардың орындалуын қамтамасыз ету үшін Маңғыстау вагон пайдалану депосында жолсеріктер резерві үшін қазандық, кір жуатын орын шаруашылық тәсілімен салынып, пайдалануға берілді. Маңғыстау станциясында жолаушылар вагондарына ТҚК-2, ТҚК-3 жөндеу түрлерін жүргізу үшін Жолаушылар вагондарына бірыңғай техникалық тексеру цехы салынды және пайдалануға енгізілді. Учаскеде ПОНАБ, ДИСК-Б типтерін қазіргі заманғы КТСМ01, КТСМ-02 ауыстыру кезінде автоматты бақылау құралдарын енгізуге қатысты, – деді ардагердің атына жылы сөзін аямаған Маңғыстау қосалқы бөлімінің бастығы Нәжімеден Ғұбашов.  

Депо бастығы Сәрсенбай Есенқұлов бүгінде түбек теміржолында тер төгіп жүрген вагон саласы мамандарының көбісі өздерін Құбайдолла Дүзікбаевтың шәкірті санайтынын жеткізді. Солардың бірі депоның бас инженері міндетін атқаруға тағайындалған Ерболат Сәулебаев та ұстазына деген ізгі тілегін жеткізді.  

Қ.Дүзікбаев еңбек жолын 1983 жылы Бейнеу станциясындағы вагондарға техникалық қызмет көрсету пунктінде мастер болып  бастап, бригадир, кейін Сай-Өтес станциясында бақылау пунктінің бастығы, учаске шебері болды. 1990 жылы ВЧД-7 вагон депосына бас инженер болып тағайындалды. Ал 2000 жылы Маңғыстау вагон пайдалану депосының бас инженері болып ауысып, бүгінге дейін абыройлы еңбек етіп келеді, «Құрметті теміржолшы» атанды. Қырық жыл қас-қағым сәтте өте шыққанын жеткізген ардагер өзіне көрсетілген сый-құрмет үшін әріптестеріне алғыс айтты.  

Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл