Қазақстанда шығарылған локомотивтердің жүрісі өте жайлы – жас маман

ҚТЖ келбеті
17.11.2022, 10:03

Бүгінгі біздің кейіпкеріміз Алматы локомотив пайдалану депосында машинистің көмекшісі болып жұмыс істейтін Еркін Ерденов. Жас маман темір жолда жұмыс істеп, пойыз жүргізуді бала кезден армандаған, қазір сол мақсатқа жету жолында аянбай еңбек етіп келеді.

Еркіннің темір жолда жұмыс істеп жатқанына төрт жылдай болыпты. Оқуды бітірген соң Ақмола облысындағы Атбасар бөлімшесінде машинист көмекшісі болып жұмысқа кіріседі, ол жерде екі жылдай еңбек еткен соң Алматыға ауысқан.

Бала күнгі арманына жету үшін ол мектеп бітірісімен М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Шымкенттегі колледжіне тапсырады. Кейінен Алматыдағы Қазақ қатынас жолдары университетінде білімін жетілдіреді. Ол жерде де жүк тасымалы бойынша білім алады.

«Темір жолда жұмыс істеуге қатты қызықтым. Оқу бітірген соң тіптен Астанаға басшылықтың алдына барып, жұмыс сұраған кезім де болды. Сөйтіп сұрастырып жүріп Атбасардағы депоға жұмысқа тұрдым. Содан нағыз қақаған қыстың ортасында жұмысқа кірісіп кеттім. Осы мамандықты жақсы көргендіктен болар көптеген қиындыққа төзе білдім және оңай еңсердім», – деп еске алады Еркін.  

Жас маман жолға шыққанда жаупкершілік өте жоғары болатынын айтады. Мәселен, бір пойызда 13-тен 21-ге дейін вагон болса, онда жоқ дегенде 500-дей жолаушы отырады екен. Еркін солардың діттеген жеріне аман-есен жетуін тілеп, жолды қырағылықпен бақылап,  үнемі бақылауда ұстап отырады.

«Менің жұмысым таңертең электровозды қабылдап алу, оның жол жүруге жарамдылығын тексеруден басталады. Кейін құрамға кіріп пойызды тіркеп аламыз. Қазір мен жолаушылар пойызын тасымалдап жүрмін. Жолға шыққанда қатаң түрде белгіленген регламент бойынша жүреміз. Бәрі толықтай уақытпен есептелген. Мынандай станцияда сағат 10.55 болу керек десе, біз сол уақытта болуымыз қажет. Одан кейін жол бойындағы жылдамдық мөлшерін қатаң ұстанамыз. Мен соларды мұқият бақылап, мына жерде 80 км\сағатпен жүруіміз керек деп машинистке айтып отырамын. Сондай-ақ жолдан көз алмаймын, өйткені аяқ астынан мал немесе адамдар шыға келуі мүмкін», – дейді ол.

Еркіннің темір жолда жұмыс істеп жүргеніне біраз уақыт болса да шұғыл тежегішті бір рет қана басыпты, оның өзі осы жақында болған. Түнде Шуға қарай келе жатқанда кенеттен шыға келген жылқыны қағыпты.  

«Бірден шұғыл тежегішті басып тоқтадық. Далаға шығып локомотивтің алдын қарадым, жылқы қашып кеткен болу керек көрінбеді. Дегенмен пойызды айналып, бір тексеріп шықтым. Ондай жағдайда диспетчерге хабарласып, осындай жерде мал соқтық, тоқтап тұрмыз деп ескертеміз», – дейді ол.  

Еркін теміржол маңында тұратын жұрт малдарын қараусыз қалдырмаса екен дейді. Әсіресе түнде малды ұзақтан байқау қиын. Сондай-ақ көлік жүргізушілері өткелден өтерде жан-жағына мұқият қарап, асықпай жүрсе деген өтінішін білдірді. Өйткені қазір рөлде келе жатып телефонмен сөйлесетіндер көбейген, ойы басқа жақта болғандықтан пойыздың келіп қалғанын байқамай қалатын көрінеді.

Болашақ машинист сөз арасында қазіргі электровоздарды жүргізу өте ыңғайлы екенін айтты. Жүргізіп жүрген тепловоз, электровоздарының көбі өз елімізде шығарылған екен. Айтуынша олардың іші өте жайлы әрі басқаруға ыңғайлы.  

Еркін қазір машинистің көмекшісі. Алдағы уақытта білімін жетілдіру үшін оқу курсына барып келмек. Содан кейін барып қана пойызды тізгіндей алады.

«Алдымен оқуға баруым керек, бұл жерде кезекпен оқытады. Кезегім келген соң алты ай курсқа барам, содан кейін барып қана машинист болам. Жолсерік, басқасына қызықпадым, маған локомотивті жүргізген ұнайды. Қазір бір ұлым бар, оны да есейгенде машинист етіп тәрбиелесем деймін. Өзіме осы салада жұмыс істеген ұнайды, Құдайға шүкір, ешкімнен кем болып жатқаным жоқ, жалақымызды уақытында береді, өсіп-өркендеп келеміз», – дейді Е. Ерденов.

 

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды