Баба ізін басқан шөбере

ҚТЖ келбеті
23.11.2022, 17:37
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Компанияның түрлі құрылымдық бөлімшелерінде өз ісіне адал, теміржолды ата-бабасынан бері кәсіп етіп, армандап келіп, абыройлы еңбек етіп жүрген жастар көп. Солардың бірі - Қазалы белгі беру және байланыс дистанциясының өндірістік оқыту шебері Гүлзат Ерімбетова.  

Гүлзаттың басты мақтанышы, әрі өмірдегі темірқазығы – Қызылорданың тұңғыш теміржолшысы болған үлкен атасы – Оразмахан Ерімбетов. Сол атасынан басталған теміржолшылық кәсіп қазір ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда. Өңірге аты мәлім теміржолшының суреті мен киімдері ШЧ-40 мекемесінің мұражайында ілулі тұр. Өз атасы Жүніс Ерімбетов те станция бастығы болған. Екі атасы да – соғысқа қатысқан ардагерлер. Әкесі Арыстанбек қазір өзі еңбек ететін дистанцияда 40 жыл механик болып жұмыс істеген. Міне, енді Гүлзат пен інісі де осы мекемеде абыройлы қызмет етіп келеді. 21 жасында еңбек жолын электрмонтер болып бастаған Гүлзат 2018 жылдан бері басшылық ұсынысымен өндірістік оқыту шебері болып тағайындалды. Өзі теміржолда бакалаврлық және магистрлік білім алса, заң саласында да жоғары оқу орнын тәмамдаған. 

 

– Біздің мекеменің қызмет ету аумағы – Жосалыдан басталып, Қоскөл станциясына дейін жетеді. Осы аралықта 34 бөлек пункт, яғни станция мен бекеттер бар. Дистанцияда барлығы 368 адам еңбек етсе, соның 340-сын оқытам. Айына техникалық сабақ өткізуге бәрін бір рет дистанцияға жинаймын. Басқа уақытта көбіне желі бойын аралап, бәріне барып сабақтар өткіземін. Жұмысымның 60 пайызы желі бойында өтеді. Көбіне практика жүзінде көрсетуге тырысамын. Оқыту барысында №866 бұйрық бойынша шығарылған өндірістік оқытуды ұйымдастыру стандартына және қосымша ережеге сүйенеміз. Үш техникалық картамыз бар. Қызметкерлерді оқыту олардың дәрежесіне қарай күрделене береді.  Қазалының басына келгенде заманауи құралдармен оқыту әдістерін пайдаланып, қысқа да нұсқа айтуға тырысам. Айына өтетін техникалық сабақ 80 минуттан тұрады, бірақ кейде екі сағатқа дейін созылады, – дейді Гүлзат Ерімбетова.  

Болашағын осы саламен ғана байланыстыратын Гүлзат – бүгінде екі баланың анасы. Басқа мекемелерден қанша ұсыныс түссе де ата жолына адалдығын соңына дейін сақтауға шешім қабылдаған. Кезінде ҚазҰУ-дың «мехматына» грантқа түсіп тұрса да бәрібір теміржолға барам деп, ол оқуды қойған болатын. Білімі мен білігі мол жас маман компания басшылары атынан талай рет марапаттар алған. Жастар форумына қатысып, қашан да белсенді болып жүретін өндірістік оқыту шеберінің болашағынан күтер үміт зор.  

 

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды