Қырық жылдан астам пойыз құрастырушы болып еңбек еткен жан

ҚТЖ келбеті
08.08.2023, 10:04
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Бүкіл өмірін темір жол саласына, соның ішінде бір ғана мамандыққа арнаған жандар бар. Солардың бірі – Рахымбердиев Жамбыл Оразғалиұлы. Ол 43 жыл Атырау станциясында пойыз құрастырушы болып еңбек етіп келеді.

Теміржол саласында түрлі мамандық бар. Алайда, соның ішінде қозғалыспен тікелей байланысты жұмыс істейтін қатерлі де қауіпті пойыз құрастырушының еңбегі ерекше.  

– Әрине пойыз құрастырушы болу оңай емес. Шыдам керек. Екі шоқып, бір қарайтын сақтық керек. Өйткені қысы-жазы, ыстықта да, суықта да, қарда да, жауында да күн-түн демей далада жүресің. Бір вагондарды ажыратып, екіншілерін жалғап, маневрлік локомотивпен бірлесе сұрыптап, орын-орнына қою, сосын діттеген жеріне жіберу керек. Ең бастысы пойыздар тұрмауы қажет. Жұмысқа кіріскен сәттен бастап 12 сағаттық ауысым бойына иіліп-бүгіліп, екі аяғыңмен шауып жүріп пойыздарға қызмет етесің. Ол – сенің міндетің, – дейді тәжірибелі пойыз құрастырушы.  

Айтуынша, осы қырық жыл еңбек жолында қиындыққа шыдамай кетіп қалғандар да көп болған, қауіп-қатері басым салада абайсызда майып болғандар да аз болмапты...  

Гурьев қаласында теміржолшылар отбасында дүниеге келген кейіпкеріміздің әкесі Оразғали мен анасы Кештуған да вагон депосында еңбек етіп, сол жерден зейнетке шыққан жандар. Яғни бүкіл өмірін темір жолға сарп еткендер. Жамбыл да мектеп бітірген соң вагон депосына эпикировщик болып жұмысқа тұрады, міндеті – вагондарды сумен қамтамасыз ету. Екі жыл Отан алдындағы борышын өтеп келген соң депоға вагон жөндеуші болып орналасады. Көп ұзамай Гурьев-2 станциясына пойыз құрастырушы болып ауысады. Міне, содан бері 43 жыл өте шығыпты...  

Темір жолда бұрыннан қалыптасқан жартылай әскери тәртіп бар, теміржолшылар соған бағынады. Кезінде өзіне ұстаз болған әріптес ағалары «темір сынса алмастыруға болады, ал адам өміріне ештеңе жетпейді. Сондықтан қауіпсіздікке талап қатаң» деп үйреткен. Ең алғашқы ұстазы пойыз құрастырушы, бүгінде зейнеткер Қуанов Бағытжан ағаға деген құрметі ерекше. Жұмыстың қыр-сырына, тәртіпке, қауіпсіздікке үйреткен сол. Бозанов Хасан, Сұлтанов Алдаберген атты әріптестері де есінде.  

– Ол кезде пойыз көп болатын, тәулігіне ондаған пойыз келіпкетіп жатады. Сонда да үлгеріп жатамыз. Әрі жаспыз, әрі денсаулық та бар. Темір жолды кесіп өтем деп пойызға басылғандарды да талай көрдік. Ал өзіміз жұмысты адал жасап, нанымызды да адал жеуге тырыстық. Былтырдан бері пойыз құрастырушылардың жалақысы едәуір өсті, біз болмашы жалақыға да осынша жыл еңбек еттік. Теміржолшы отбасынан шыққан соң ақшасынан гөрі беделіне нұқсан келмеуін ойладық, – дейді Жамбыл аға.  

Ол туралы станция бастығы Алтай Көбегеновтің да пікірі жоғары. Сәл күнде қырық жылға созылған еңбек жолын тәмамдап, зейнетке шыққалы отырған тәжірибелі пойыз құрастырушыны ұжымы қимай-қимай шығарып салмақ.  

Жамбыл Оразғалиұлының аға-апалары Сәрсенбай, Құдайберген, Өсила, Алмаш, Ақкенже – бәрі де теміржолда еңбек еткен. Тұтас бір отбасы теміржолшылар әулетін құрап отыр. Жары Гүлмира да жолсеріктер резервінде еңбек еткен. Ұлы Есенғұл бүгінде Атырау станциясында дөңес кезекшісі болып әке жолын жалғастыруда.  

 

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді