Жылғаның жол шебері

ҚТЖ келбеті
29.03.2024, 10:57
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Арыс жол дистанциясының жол шебері Аманкелді Мүтәліпов Жылға станциясына қарасты 3 306 шақырым мен 3 318 шақырым аралығындағы қос бағытты 24 км жолдың күтіміне жауапты. Сондай-ақ қарамағындағы жолшылармен Жылға станциясы мен оның маңындағы кірме жолдардың да жай-күйін бақылауда ұстайды.

– Мына менің қолымдағы шаблон ертеректе механикалық құрылғы болатын. Қиындығы сол, оны рельс үстіне жатқызған соң жолдың қисық-түзулігін анықтау үшін әлгі шаблонды оңға-солға, жоғары-төмен бұрап көп әуреленетінбіз. Ал қазіргісі өте ыңғайлы. Электронды үлгідегі шаблонды қажет жерге қоясың да экранда көрінген деректерді талапқа сай ма, басқа ма, есеп-қисап жүргізіп, шешім қабылдайсың, – дейді 28 жылдық тәжірибесі бар кәнігі теміржолшы.  

Оның түсіндіруінше, жолшылар шаблонды әр жеті шпалдан соң немесе әрбір 3,5 метр сайын рельс үстіне қойып, тексеріп отыру керек. Олай етпеген жағдайда ауытқушылық назардан тыс қалып, апат орын алуы мүмкін.  

Әр жұмыстың өзіне тән қызығы мен шыжығы болады емес пе?!. Бұл өзі жол жөндеушілер үшін қалыпты жағдай көрінгенімен, жыл мезгіліне орай «рельс физикалық өзгеріске ұшырады» деп оны ауыстырып жатуы қызық көрінеді.  

– Алайда, жазда ұзарып, қыста қысқаруына байланысты маусым сайын тәп-тәуір рельстерді ауыстырып жататын кездеріміз болады. Ал енді оған қатысты есепке алып, әрекет жасамасақ, бағдаршамның белгі беруі тұйықталып, оның соңы апатты жағдайға себеп болуы мүмкін, – дейді жылғалық жол шебері.  

Сондықтан да олар қыс-жаз демей күн сайын 12 метрлік қос рельстің түйіскен тұстағы ашық кеңістіктің 26 миллиметрден артық ұлғайып кетпеуін мұқият қадағалайды. Бір қызығы, қазір дәл осы міндетті мінсіз атқаратын құрылғы әлі шыға қоймаған.  

– Күмәнді тұсты қос жанарымыз ғана анықтайтындықтан, күн ұзаққа жол жағалай жүруімізге тура келеді. Алшақтық байқалған жағдайда арнайы өлшеу құралымен оның анық-қанығына көз жеткіземіз. Қанша жылдан бері істеп келе жатқан жұмысымыз осы болғандықтан, біздің көзіміз аппарат сияқты боп кеткен, – дейді сөз соңын қалжыңға айналдырған Аманкелді.  

Қазіргі кезде Аманкелді Сапарұлы басқаратын жылғалық жолшылар ұжымы 13 адамды құрайды. Күн сайын өздеріне тиесілі учаскені жаяу аралап шығады. Өйткені қажетті құрал-жабдықтармен толыққанды қамтамасыз етілген десек те, адам көзімен көріп, шешім қабылдауды қажет ететін сәттер аз емес. Өздеріне тиесілі учаскемен көп жағдайда жүк тасымалдайтын жылжымалы құрамдар жүретіндіктен көктемгі жауын-шашын кезінде қиыршық тастың топыраққа сіңуі жиілей түседі.  

– Міне, осы кезде қиыршық тастың бетіне лай шығуы салдарынан тегіс әрі түзу жатуы тиіс шпалдар мен рельстер толқындана бастайды. Мұны қандай да бір аппараттың едел-жедел анықтауы екіталай. Тек қиыршық тастың арасы лайлана бастағанын көзбен көрген соң ғана арнайы аппараттың көмегіне жүгінуге тура келеді, – дейді ол.  

Бүгінде жол жөндеушілер орындауы тиіс қызметтік міндеттер санатына қатар жатқан қос рельстің кеңейіп-тарылуын қадағалаудан бөлек, темірбетонды шпал болттарының берік бекітілуі мен кастель, КПП бекітпелерінің де бүтіндігін бақылайды. Одан бөлек, олар өздеріне тиесілі учаскеге иесіз малдың жүрмеуіне де жауапты.  

 

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты