Өз ісінің нағыз шебері

ҚТЖ келбеті
25.02.2025, 08:41
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл вагон пайдалану депосында табан аудармай 38 жылға жуық еңбек етіп келе жатқан Жетпісбай Қарабековті әріптестері өз ісінің нағыз шебері санайды.Түн ұйқысынан оятып алса да, жүк тиеуге және жолға жіберуге дайындалатын вагонның өлшемі қандай болуы керектігін жаңылыспай айтып беретін маманды басшылар да бағалайды.

Еңбек жолын вагон шаруашылығында бастауына отбасында алған тәлім-тәрбиесі әсер еткені даусыз. Әкесі Сағындық Қарабеков – теміржол саласында 43 жыл еңбек еткен жан. Отбасындағы бес ұл түгел әке жолын қуып осы салаға табан тірепті. Інілері Серік қалпына келтіру пойызында 32 жылдан бері жұмыс істеп келеді, Рустам да 12 жылдан бері сонда еңбек етеді. Берік 22 жыл жол дистанциясында жолшы болса, Руслан Қарабеков 16 жыл бұрын Қамқор Локомотивте еңбек жолын бастаған. Ал өз ұлы Жасұлан вагон қараушы болып жұмыс істеп жүргеніне 12 жылға жуықтаса, қызы Айдана – КТСМ операторы. Бүгінде екінші, үшінші буын да қатарларын толықтыруда.  

Жамбыл вагон пайдалану депосында слесарь, сосын вагон қараушы, одан аға вагон қараушы болып тәжірибесін арттырып, біліктілігін шыңдаған Жетпісбай Сағындықұлы 2012 жылы жүк пойызының доңғалақ жұбынан аса қауіпті ақауды анықтап, апаттың алдын алғаны үшін «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгісімен марапатталған. Ал өткен жылы Компания басшысының Құрмет грамотасын алды.  

– Біз негізінен Бурыл, Аса, Шайқорық, Құмшағал станциялары мен «Қазфосфат» ЖШС зауыттарының жүк тиеу жұмыстарына жауаптымыз. Әр станцияда 4 вагон қараушы бар. Негізінен қауіпті жүктермен жұмыс істейміз. Мысалы, Жаңа Жамбыл фосфор және Жамбыл суперфосфат зауытында сары фосфор, күкірт қышқылын вагондарға тиейміз. Оны ішкі тұйық жолдар арқылы теміржолға шығарып, экспортталатын елдерге жібереміз. Депоның техникалық қызмет көрсету бекеттеріндегі вагон қараушылар автоматшы болса, тек қана тежегішті қарайды, ал желі бойындағы біздің жұмысшылар вагонның кузовын, тежегішті, доңғалақ көлемін – бәрін қарап, құжат дайындайды. Әрі қарай сол вагондарға А нүктесінен Б нүктесіне жеткенше жауаптымыз. Егер Ресейге экспортқа шығарылған жүк тиелген вагон жолда бір станцияда тоқтап қалса, олар бізге хабарласады. Вагонның нөмірін айтады, сол нөмір бойынша, ол вагонды кім жібергенін қарап, себебін анықтаймыз. Ал шетелден келе жатқан вагон біздің жолға келгенде ақау анықталса, оны тоқтатып, жөнелтушілерге вагонды жөндеуге жіберу керек екенін хабарлаймыз. Кеше Латвиядан хабарласты, олардың құжаттары бойынша вагон доңғалағы 25 миллиметр болып тұр, ал талап бойынша 26 болуы керек. Бір миллиметрдің өзі маңызды болып тұр. Егер оны біз қарамай жібере салсақ, ол жеткенше 24-ке түседі, екі ортада біздің вагон қараушылар кінәлі болып қалады. Сондықтан біз жүкті жөнелтушілерге вагонды жөндеуге жіберу керектігін айттық, – деп түсіндірді аға вагон қараушы өз жұмыстарының ерекшеліктерін.  

Жетпісбай Сағындықұлы желі бойындағы вагон қараушылардың еңбектері ерен екенін айтады. Айтуынша, вагон қараушыға қойылар талап жоғары, жүктелетін жауапкершілік жүгі ауыр.  

Осыдан біраз жыл бұрын вагон қараушылар бір келеңсіздікке тап болады. «Қазфосфат» ЖШС-нің зауыттарында тиелген екі жүк вагонын Ресей қабылдамай қояды. Себебі құжатта вагон бүйірінің өлшемі дұрыс берілмеген. Жүк жолда бірнеше күн тұрып қалады. Бұл жағдай Астанаға компания басшылығына дейін жетеді. Вагонды жолға жіберуге дайын деп қол қойған вагон қараушылар анықталып, жүкті кері қайтарып, шығынын кінәлілер есебінен өтеу керектігі айтылады.  

Жетпісбай Сағындықұлы екі оттың ортасында қалғандай күй кешеді. Бір жалақыға қарап отырған жұмысшыларының жай-күйі өзіне мәлім. Зауыт басшыларымен сөйлесіп, кәсіпорынның есебінен вагонды кері қайтаруға көндіреді. Жүкті қайтарғанша басқа вагондарды дайындап қояды. Кейін оны қайта тиеп, жолға салып, мәселені оңтайлы шешіпті.  

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды