Өткел кезекшісі Дина

Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Біздің кейіпкеріміздің есімін ата-анасы Дина деп қойыпты. Қазақ ырымшыл халық қой, бәлкім, Дина шешеміздей дәулескер күйші болсын деген шығар. Ол теміржолшы болды.  

Әкесі Хамза 35 жыл Қызылқоға ауданында совхоздың малын баққан қойшы, шешесі Айжан көмекші әрі сауыншы болған екен. «Үйде жеті бала болдық, бәріміз интернатта жатып оқыдық. 120 бала бәріміз шопан, малшы, бақташының балаларымыз. Баланың үлкені Зайдолла ағам 1961 жылғы. Интернаттағы әке-шешеміз, ақылшымыз, қамқоршымыз сол. Әрқайсымыздың арамыз екі-үш жастан. Ал жайылым совхоздан 120 шақырымдай жерде-тұғын. Әке-шешені тек каникулда көреміз. 10 жыл солай оқыдық. Мектеп бітіргесін әкем міндетті түрде екі жыл қой бақтырады, ол бұлжымайтын заң еді. Бір бала оқуға кеткенде екіншісі мектеп бітіріп қой кезекке түсіп жатады. Солай өстік. Қара жұмыстың бәрін жасадық. Мен кітап оқуға құмар болдым. Күртенің жеңіне тығып алып шығып, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз», «Жалын», «Ара», т.б. журналдарды қой баққанда күні бойы оқимын.  Әкеміз байқап қалса, «кітап оқып отырғанда қойға қасқыр шабады» деп тартып алып қалатын. Бірақ әкеміз бәріміздің оқып білім алғанымызды қалады. Біріміз мұғалім, біріміз дәрігер болып, әйтеуір бәріміз мамандық алып шықтық», – дейді Дина.

Жылдың төрт мезгілінде де тыным таппай, маңдайы күнге күйіп, табаны тасқа тиіп, мал бағу оңай емес екені рас. Малды баққан біледі. Қызу еңбектің басында өткен әр күн қарбаласқа толы, бейнеті мен қиындығы көп жұмыс. Мың қойды өріске шығарып, олардың жайылып, шүйгінге тұмсығын тығуын қарайсың. Ал мың қойға құдықтан су тасып, суарудың бейнеті ше? Қыстыгүні тіптен қиын. Мал басын көбейтумен қатар оны аман сақтау міндеттемесі тағы бар. Қой қырқу, төл алу, шығын малды сойып, актілеу, т.б. жұмыстың бәрін жас шопан қыз баламын деп қарамай жасай береді. Қысқасы, қой бағып, ат құлағында ойнап өскен біздің кейіпкеріміз Дина Ибатова – осы сынақтан сүрінбей өткен жан.

Екі жыл қой баққан соң әкесі Хамза оның Гурьев мәдени-ағарту училищесіне оқуға қабылдануына көмектеседі. Дина училищені «Кітапханашы» мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын бастайды. Сөйтіп жүргенде құлсарылық Жәнібек есімді теміржолшы жігітпен танысып, бір-бірін ұнатқан екі жас отау құрады. Жәнібек Атырау жол дистанциясында жолшы болып жұмыс істейтін. Кейін Бекбике станциясына жол шебері болып ауысады. Станцияда кітапхана жоқ. Сондықтан жастайынан еңбекке піскен Дина білегін сыбанып жолшы болып шыға келеді. Содан бері темір жолмен біте қайнасып, бүгінде Атырау жол дистанциясына қарасты №15 өткелде өткел кезекшісі болып жұмыс істейді.  

«Бұл маңда қалаға келетін жүктерді сақтайтын қоймалар көп, сондықтан пойыздар маневр жасап әрлі-берлі көп өтеді. Өткел қолмен басқарылатындықтан, күніне бірнеше рет барабанды бұрап, шлагбаумды жауып-ашамыз. Қыста қатып қалатыны бар, сол кезде қиын. Жауып үлгергенше көліктер өтіп кетемін деп бір-бірімен соқтығысып та жатады, әртүрлі оқиғалар болады. Түн ортасына қарай көліктер сирейді. Өткелді қыста қардан, жазда құмнан аршу да міндетіміз. Бірақ үйренген жұмысымыз, еш қиындығы жоқ», – дейді көнбіс қазақ әйелі.    

Дина Хамзақызы отағасы екеуі бүгінде төрт бала тәрбиелеп өсіріп отыр. Үлкені Жанна ҚазАТК-ның «Логистика» бөлімін бітіріп, қазір «Жолаушылар тасымалы» Атырау телімінде жетекші инженер-технолог болса, оның күйеуі Нұрлан жолсерік. Қалған үшеуі студент. Салтанат – болашақ банкир, Тұрарбек – саясаттанушы, ал кенже ұл Сұлтанбек – Алматы темір жол колледжінде оқып жатыр, яғни династияны жалғастыратын болашақ теміржолшы.  

 

Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады
Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
Теміржолшылар Құрылтай сайлауының маңызын талқылады
ҚТЖ келбеті
14.08.2026
«Алтын кітапқа» арқау болған теміржолшы
Инфрақұрылым
14.08.2026
Орта дәліз кәсіподағын дамыту – ортақ міндет
Жаңалықтар
14.08.2026
Арнайы пойыз жолға шықты
Әлеумет
14.08.2026
Жаз қызығы жалғасуда
Спорт
14.08.2026
Маңғыстауда аңызға айналған теміржолшы Сағынай Қошқарбаевтың мерейтойына орай турнир өтті
Спорт
14.08.2026
Шу станциясында теміржолшылар арасында тораптық жарыс өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы электр орталықтандыру маневрлік бекетінде болып, Астана-1 вокзалының құрылыс барысымен танысты
Жаңалықтар / Мұрағат
14.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №64 14 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
13.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ-ның локомотив паркі 146 заманауи локомотивпен толықты
Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты
Жаңалықтар
13.08.2026
Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды