Тыл ардагері – тоқсан жаста

ҚТЖ келбеті
31.03.2025, 11:04
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау магистральдық желі бөлімшесінің директоры Аралбай Қосымбаев отыз жыл жолшы болған тыл ардагері Жұпар апа Дүржанованы тоқсан жасымен құттықтады.    

Жұпар Әбілхайырқызы 1935 жылдың 15 наурызында Атырау қаласында дүниеге келген. 1956 жылдан Атырау жол дистанциясында жол жөндеуші болып 29 жыл қажырлы еңбек етеді. Ол кезде қазіргідей  техника-технология жоқ, темір жолда бүкіл жұмыс қолмен атқарылғаны белгілі. Әйелдер де ер азаматтармен бірдей шпал көтеріп, балға соғып, темір жолдың күрделі және орташа жөндеу жұмыстарына қатысқан. «Ол кезде бүгінгідей емес, жұмыс ауыр, пойыз көп, вагоннан қиыршық тас түсіру, шпал-рельс ауыстыру жұмыстарын бір адамдай істедік, жастау кезіміз шығар, шаршау дегенді білмеппіз», – деп еске алады сол жылдарды Жұпар апа.    

Отағасы Жұбаныш Дүржанов та 1954 жылдан осы жол мекемесінде көлік жүргізушіден бастап, гараж меңгерушісі, жол мекемесі диспетчері қызметтерін абыроймен атқарып, 1994 жылы зейнеткерлікке шыққан. Бүгінгі күні екеуі де жасы тоқсаннан асқан бақытты ата мен әже, ал шаңырақ көтергендеріне 70 жыл толыпты. Нағыз бақыт деген осы шығар. Қариялардың шаңырағына бас сұққан теміржолшылар 90 жасқа толып отырған Жұпар апаны «Қазақстан темір жолына 120 жыл» медалімен марапаттап, мықты денсаулық пен қамсыз мұңсыз ғұмыр тіледі.  

Қариялар қонақтарымен емен-жарқын әңгіме өрбітіп, сол бір қиын кездерді еске алып, бүгінгі ұрпақтың бақыты үшін шүкіршілік етті. Көп балалы ана ретінде Жұпар әже бұған дейін Кеңес Одағының алтын және күміс «Материнства» медальдарымен, 1,2,3 дәрежелі «Слава Материнства» медальдарымен және Қазақстан Республикасының «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Тыл ардагері» медальдарымен марапатталған. Қос қария 9 ұл-қыз тәрбиелеп өсіріп қатарға қосқан.  Үлкен қыздары Гүлсім Қазақстанға еңбегі сіңген дәрігер, кейінгі 4 ұлы мен 4 қызы және 2 келіні мен 3 күйеу баласы теміржол саласында еңбек етеді. Қызы Алмажай «Құрметті теміржолшы» белгісінің иегері, ұлы Жолдас Ақжайық белгі беру және байланыс мекемесінде басшылық қызмет атқарған. Жұбаныш ата мен Жұпар әже әлі де тың, немере-шөберелерінің қызығын қызықтап, бір кездегі бейнетінің зейнетін көріп отырған жайы бар.    

 

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды