Теміржол - оның тағдыры

ҚТЖ келбеті
04.02.2020, 11:25
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Бүкіл саналы өмірін теміржол саласының еркендеуіне арнаған, оның отыз жылын Балқаш өңірінің экономикалық қуатының артуына жұмсаған Төлеу Есболұлы көзі тірі болғанда 80 жасқа толған болар еді. Көзден кетсе де көңілден кетпейтін жарқын бейне иесін оның шәкірттері үлкен құрметпен еске алады.

«Ерен еңбек ер атандыратынын ісімен дәлелдеп, тәттінің де, ащының да дәмі қандай болатынын санамызға сіңіріп, жақсыға жақын, жаманнан қашық тұруға үйреткен тәлімгер ұстаздың шәкірті болу бақыты бізге бұйырған соң, бір екі ауыз лебіз білдіру де біздің парызымыз болмақ», – дейді Аманжол Омаров, Бейсен Балғымбеков сынды теміржолшылар. Жақып Әбішев, Берік Сейсембековтей шәкірттері дүниеден озған. Бәрі де ерен еңбегімен ерекшеленіп, «Құрметті теміржолшы» атанған. Төлеу Есболұлы 1940 жылы Түгіскенде дүниеге келіп, еңбек жолын Жезқазған маңындағы Түйемойнақ станциясында бастаған. Теміржолда мамандардың жетпеуіне байланысты жоғары білімді маманды бір жыл сынап, Көктіңкөл станциясына бастық етіп тағайындаған. Елгезек те ісіне тиянақты жігіт сосын Шерубай-Нұра станциясын басқарады. Жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтауда, жүк тасымалдау реттілігін қалыпты жүргізуде бірқатар жетістіктерге жетіп, үлкен сенімге ие болады. Сондықтан, басшылық оны 1968 жылы Қарағанды тасымалдау бөлімшесіне қозғалыс ревизоры міндетіне тағайындап, екі жыл жемісті еңбек етеді.

Ал 1970 жылы Балқаш станциясының басшысы болып тағайындалып, осы станцияда біржолата тұрақтап, тамырын жаяды. Төлеу Есболұлының жақсы маман, білікті басшы, шебер ұйымдастырушылық қабілеті айқын аңғарылған бұл жылдар оның ең бір жемісті де жеңісті жылдары болғаны анық. Жүктерді түсіру, тиеу, вагондарды қабылдау, жөнелту, жылжымалы құрамның сапалық деңгейін жақсарту, вагондардың статистикалық және динамикалық жүктемелігін, пойыз қозғалысының жылдамдығын арттыру, вагондардың транзиттік және жүк операцияларына байланысты станцияларда тұру уақытын барынша шектеу, жүктерді тасымалдау ұзақтығын, басқа да сапалық деңгейлерді көтеруге барынша күш салып қана қоймай, оның жүзеге асуын тікелей бақылауда ұстады. Сол үшін Балқашта қосымша жүк қабылдау жолдарының салынуына, жаңа вокзал үйінің құрылысының жүргізілуіне мұрындық болды. Теміржол желісін автоматтандыру жүйесі қолға алынып, аз уақытта өндіріске кірікті. Сөйтіп, Балқаш станциясы жоғарғы деңгейдегі автоматтандырылған өндіріс ошағына айналғанын көру – Төлеу Есболұлының ең үлкен арманы және мақтанышы болғанына біз шәкірттері куәміз. Сондай-ақ, Төлеу Есболұлы халықтың әлеуметтік мұқтаждығына ерекше көңіл аударды. Ол станция басқарған жылдары Балқашта теміржолда бірталай мәдени-әлеуметтік нысандар пайдалануға беріліп, тұрғын үй мәселесі тұрақты түрде шешіліп отырды. Оның бірнеше мәрте Кеңес депутаттығына сайлануы да осының дәлелі.

Оның елге, халыққа сіңірген ерен еңбегі елеусіз қалмады. «Құрмет белгісі» орденімен, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталып, Балқаш қаласының Құрметті азаматы атанды. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталып, 1989 жылы «Құрметті теміржолшы» төсбелгісіне ие болды.

– Қырық жыл еңбегі сіңген теміржолдың абыройы жолында құрбан болуға даяр жан сол жолға бүкіл күш-қайратын, білімі мен тәжірибесін жұмсады. Балқаш оның қара шаңырағына айналды. Өмірлік қосағы Бақытпен бірге құрған отбасы бақытты болғаны анық, ұл мен қыз өсірді, жеткізді. Тұңғыштары Әбдіхалық әке жолын жалғастырып, теміржолшы кәсібін таңдады, қазіргі таңда ол да «Құрметті теміржолшы» атанған кәнігі маман, Қарағандыдағы вагон депосы – «Қамқор вагон» ЖШС басқарады. Қыздары Шолпан мен Ғайни да өмірден өз орындарын тапқан, бәрі де үйлі-баранды. Бүгінде үшінші буын немерелер арасында теміржолшылар шыға бастаған. Міне, осындай теміржолшылар әулетінің негізін қалаған Төлеу Есболұлы 2008 жылы жетпіске де келмей дүниеден өтті. Тәубе етеріміз, ізсіз кетпеді, артында жақсы аты қалды, жарасымды ісі, өнегелі мұрасы қалды. Топырағың торқа болсын, жақсы аға, аяулы ұстаз, – деп еске алады оның шәкірттері. 

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты