Ревизор Жамбыл учаскесіндегі түйіткілді мәселелерді айтып берді

Қауіпсіздік
15.11.2024, 09:06
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі Қазақстанның үш ірі өңірі аралығында логистикалық қызмет көрсетеді. Солтүстігінде – Қарағанды бөлімшесінің Мойынты станциясымен, Алматы бағытында Отар станциясымен, Шымкент бөлімшесімен Түлкібас станциясы арқылы, ал Түрксіб станциясы арқылы Қырғыз темір жолының Меркі станциясымен шектесетін аумақта қозғалыс өте қарқынды.

Осы аймақта жүк және жолаушы құрамдарының қауіпсіздігін қадағалайтын ҚТЖ Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің Жамбыл учаскесінің жұмысы жайлы өңірдегі бас ревизор Медет Қолдасов мәлімет берді.  

– Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жауапкершілігі – теміржолда абсолютті басымдыққа ие. Жамбыл бөлімшесі бойынша біз бақылау жүргізетін теміржолдың толық желісінің ұзындығы – 2162,3, жалпы ұзындығы 1236,3 шақырымды құрайды. Оның ішінде бір жолақты желілер – 340,6, екі жолақты желілер – 895,7 шақырым. Тасымалдау процесінің 93 пайызы Мойынты-Шу-Отар-Тараз-Түлкібас учаскелерінде электровоз тартымы арқылы жүзеге асырылады. Ал Тараз учаскесінен Жаңатас аралығында тепловоз тартымы. Бөлімше құрамындағы ірілі-ұсақты станция мен разьездер қызметі жүк тасымалына ашық, Шу ірі сұрыптау станциясы, Тараз, Түрксіб, Сарышаған, Шығанақ, Жаңатас, Қаратау, Аса, Шайқорық, Бурыл, Мыңарал, Бірлік-1 сынды учаскелік және жүк станцияларында қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуын қатаң қадағалау, әрбір жағдайға зерделеу жұмыстарын жүргіземіз. Басшылыққа алатын негізгі талаптар бар. Бақылау-қадағалау жұмыстары бойынша нәтижені арттыру мақсатында мониторинг жүргіземіз. Сол арқылы теміржолдағы қауіпті жерлерді анықтаймыз, – деді бас ревизор.  

Айтуынша, Жамбыл ревизиялық аппаратында ревизорлық нұсқаулар мен нұсқамаларды қолданудың тиімді тәжірибесі сақталған. Бұл ретте «ерте ескерту» индикаторы ретінде қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың ықтимал қатерін алдын ала жою тәсілі өз жемісін беріп отыр деуге болады. Ол өз кезегінде қызметкерлердің жеке жауапкершілігін арттыруға, әр қызметкер мен басшылардың қауіпсіздік нормалары мен ережелерін бұзуына жол бермеуіне ықпал етеді.  

Қозғалыс қауіпсіздігін сақтау дегеніміз – ең алдымен азаматтардың өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғау. Сондай-ақ пойыздардың апатсыз жұмыс істеуіне жағдай жасау, темір жолдарды, жылжымалы құрамды, құрылыстарды, жабдықтарды, механизмдер мен құрылғыларды жарамды күйде ұстауға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешенімен қамтамасыз ету.  

Жыл өткен сайын техника мен технология да, талаптар мен ережелер де жаңарып өзгеріп жатады. Осы бағытта еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты мамандардың білім деңгейін арттыру да маңызды мәселе.  

– Жамбыл жол бөлімшесі бойынша білімнің кәсіби деңгейін арттыру үшін жыл сайын қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыруға бағытталған семинар-кеңестер өткізіліп тұрады. Онда орын алған жағдайлар талқыға салынып, туындаған жағдаяттар кезінде қызметкерлердің іс-әрекеттерінің практикалық дағдылары көрсетіліп, үйретіледі. Мысалы, тамыз айында Тараз, Шу, Сарышаған станцияларында пойыздар қозғалысына байланысты станция қызметкерлері «Далада және полигондарда стандартты емес жағдай туындағанда пойыздарды қабылдау және жөнелту кезіндегі іс-қимылдары» атты практикалық оқу-семинары ұйымдастырылды. Ал шілдеде Түлкібас жол дистанциясының Құмшағал станциясы базасында «Озық тәжірибе мектебі» көрме-сабағы өткізілді. Былтыр Шу жол дистанциясында «Түйіспесіз жолды әртүрлі бекіткіштер арқылы ұстау және жөндеу» тақырыбында семинар-кеңес ұйымдастырылған болатын. Оған орталық аппарат басшылары мен Жамбыл жол бөлімшесіндегі құрылымдық мекемелердің басшылары, еңбек қауіпсіздігіне жауапты мамандар қатысты, – деп мәлімет берді М.Қолдасов.  

Темір жол – қауіптілігі жоғары аймақ. Теміржолшылар тұрғындарға жолдан өту кезінде есте сақтауы тиіс талаптарды, жол бойында мал жаю ережелерін түсіндіріп жиі рейд өткізеді. Алайда, ай сайын өтетін профилактикалық шараларға қарамастан адамдар қауіп-қатерді ескермейді. Кенеттен шойын жолға адам немесе мал шыға келген кезде көп тонналық құрамды бірден тоқтату мүмкін емес. Сондықтан, өкінішке орай, келеңсіз оқиғалар да жиі орын алып отырады. Бас ревизордың айтуынша, жаяу жүргіншілердің ішімдіктің кесірінен жолға шығып кетіп немесе құлаққап киіп алып, музыка тыңдап келе жатқанда пойыздың жақын келіп қалғанын байқамай қалып абайсызда арандап қалатындар көп. Мәселенің екінші жағы бар, апаттың алдын алам деп пойызды шұғыл тоқтатқан немесе адам басып кеткен локомотив бригадасының қандай психологиялық жағдайда болатыны көпшілікті ойландыра бермейтіні өкінішті.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда