Жүк көлігіне соқтығысты

Қауіпсіздік
04.03.2025, 08:36
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

1 наурыз күні таңертеңгі сағат 10.05-те Атырау – Мақат участогі, Теңдік – рзд 496 аралығында Махамбет станциясынан Теңдік станциясына қарай бір құрама бос вагондар тіркеп келе жатқан 2ТЭ10МК №0689 жүк пойызы өткелде шебін тиеген Камаз жүк көлігіне соқтығысып, оқыс оқиға орын алды.

Атырау магистральдық желі бөлімшесінің бастығы Аралбай Қосымбаевтың айтуынша, 507-шақырымдағы реттелетін өткелде бағдаршам жанып, белгі беріп тұрғанына қарамастан жол ережесін өрескел бұзып, «тоқта» белгісіне назар аудармай өтіп кетем деген жүк көлігі үлгере алмай, жылдамдықпен келе жатқан пойызбен соқтығысқан. Нәтижесінде 11 вагон және тепловоз рельстен шығып кетіп, оның ішінде жеті вагон аударылған. 200 метр жол мен рельстер зақымданып, жол жарамсыз боп қалған. Тепловоз машинисі мен оның көмекшісі және дублер ауыр соққыдан дене жарақатын алып, шұғыл түрде облыстық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оларды бақылауда ұстап отыр, жағдайлары тұрақты, бірақ ауыр. Ал жүк көлігінің жүргізушісі аман-есен.  

Өткелде болған оқиға орнына жедел түрде Атырау қалпына келтіру пойызы, 6 автомобиль техникасы және құтқарушылар жетті. Темір жолға қарасты құрылымдық бөлімшелер мамандары да апат орнын қалпына келтіру жұмыстарына кірісті. Біраз уақыттан соң Мақат қалпына келтіру пойызы да жетіп, жұмыс қыза түсті. Темір жол бойында апат орын алуына байланысты 6 жолаушылар пойызы: №313 «Атырау-Маңғыстау», №314 «Маңғыстау-Атырау», №42 «Алматы-Атырау», №41 «Атырау-Алматы», №123 «Волгоград-Ташкент», №691 «Атырау-Ақтөбе» пойыздары жүру уақытынан кешікті. Атырау қаласы әкімдігі жолда қалған жолаушыларды Атырау станциясынан Қарабатан станциясына және кері қарай тасымалдау үшін автобустар қатынасын ұйымдастырды. Жолаушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.  

– Теңдік станциясы маңындағы өткелде орын алған апатты қалпына келтіру жұмыстары түнгі 10-да толықтай қалпына келтірілді. Жолдан шығып кеткен локомотив пен вагондар орнына қойылып, 200 метр жолды жөндеп, рельстерді қайта қою жұмыстары да талапқа сай жүргізілді. Содан соң кешіккен барлық жолаушылар пойызына жол ашылды. Айта кетерлігі, оқиға орнында 12 сағат бойына апатты қалпына келтіруге қатысты барлық құрылымдар жедел түрде әрекет етті. Атырау және Мақат қалпына келтіру пойыздары, 6 автокөлік техникасы, 200-ге тарта теміржолшылар уақытпен, ауа райының суықтығымен санаспай тер төге еңбек ете білді, – дейді А.Қосымбаев.  

 

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды