Көлік полициясы теміржолда қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды

Қауіпсіздік
21.01.2026, 15:54
Сурет: Көліктегі полиция департаменті

Астана-1 теміржол вокзалы аумағында Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері «Теміржолдағы заң мен тәртіп: қауіптілігі жоғары аймақ» атты профилактикалық іс-шара өткізді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Аталған іс-шараның мақсаты – теміржол көлігі объектілеріндегі жазатайым оқиғалардың алдын алу, ата-аналар мен балаларға теміржолдың қауіптілігі жоғары аймақ екенін ескерту, сондай-ақ қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру және азаматтарды ақпараттандыру.

«Біздің негізгі міндетіміз – азаматтардың қауіпсіздік мәселелері мен белгіленген ережелерді сақтауға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру. «Заң және тәртіп» қағидаты – өз мен айналасындағылардың қауіпсіздігін ойлайтын әрбір адамның міндеті», – деп атап өтті Астана станциясындағы желілік полиция бөлімінің бастығының орынбасары Дастан Дармурзин.

Департаменттің Әкімшілік полиция басқармасының мәліметінше, 2025 жылы теміржол көлігі объектілерінде, білім беру мекемелерінде және халықпен кездесулер барысында 27 мыңнан астам профилактикалық іс-шара өткізілген. Алайда, жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстарына қарамастан, азаматтардың теміржол көлігінің қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактілері әлі де орын алуда.

Атап айтқанда, өткен жылы шұғыл тежелудің 1869 фактісі тіркелген, оның ішінде адамдардың теміржолда болуы салдарынан – 334. Сонымен қатар, Департаментте теміржол көлігімен азаматтардың жарақаттануының 77 фактісі тіркелген, оның жартысына жуығы адам өлімімен аяқталған.

Көлік полицейлердің айтуынша, жазатайым оқиғалардың негізгі себептері – азаматтардың қауіптілігі жоғары аймақта қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзу және оларды елемеу. Көбіне тұрғындар жолды қысқарту мақсатында вагондардың астынан немесе теміржолды рұқсат етілмеген жерлерден кесіп өтеді.

Осы орайда, азаматтарды теміржол инфрақұрылымы объектілерінің маңында сақ мейілінше болуға шақырамыз. Өмір мен денсаулықты сақтау мақсатында теміржол жолдарын тек арнайы белгіленген әрі жабдықталған орындарда, қозғалып келе жатқан пойыздардың, локомотивтердің немесе вагондардың жоқтығына толық көз жеткізгеннен кейін ғана өту керек. Станциялар мен аралықтарда теміржол жолдарда болған кезде вагондардың астынан өтпеу және автотіркемелердің үстінен асып өтпеңіз. Сондай-ақ теміржолдан өту кезінде құлаққап пен ұялы телефонды пайдалануға қатаң тыйым салынады.

Іс-шара барысында тәртіп сақшылары азаматтарға қауіпсіздік талаптарын түсіндіріп, ақпараттық буклеттер таратып, қайғылы оқиғалардың нақты мысалдарын келтірді.

Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты