Теміржол вокзалында балалар қауіпсіздігіне арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Қауіпсіздік
05.03.2026, 09:07
Сурет: Көліктегі полиция

Көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аумағында «Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақтың кепілі» республикалық акциясы аясында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың құқықтарын қорғау және теміржол көлігі нысандарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Осы кезеңде көлік полицейлері вокзалдарда, перрондарда және жолаушылар пойыздарында ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ерекше назар жасөспірімдердің қадағалаусыз қалуының алдын алуға, көлік нысандарындағы жарақаттану тәуекелдерін болдырмауға және олардың заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға аударылды.

Іс-шара барысында жарыстарға қатысу үшін жолға шыққан 2000-нан астам кәмелетке толмаған спортшының қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Желілік полиция бөліністеріне 74 жасөспірім жеткізілді. Оның ішінде 33-і әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 41-і заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүргені үшін анықталды. Үш кәмелетке толмаған бала бейімдеу орталықтарына орналастырылды. Сонымен қатар, балалардың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болуына жол бергені үшін 41 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тағы 2 ата-ана кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылды.

Білім беру ұйымдарында құқықтық бағыттағы 55 профилактикалық іс-шара, оның ішінде дәрістер мен брифингтер өткізілді.

«Біздің негізгі мақсатымыз – жазалау емес, құқық бұзушылықтардың алдын алу. Жасөспірімге дер кезінде көңіл бөліп, оны ойланбай жасалатын әрекеттерден және көлік нысандарында туындауы мүмкін қауіп-қатерлерден сақтау аса маңызды. Балалардың қауіпсіздігі ең алдымен ата-аналардың жауапкершілігі мен белсенді қатысуына байланысты», – деп атап өтті Көліктегі ПД ӘПБ бөлімінің бастығы Алихан Жұмажанов.

Көлік нысандарында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.

Трансформация
28.08.2026
Жеті жүзінші локомотив зауыттан шықты
Трансформация
28.08.2026
Теміржолшылар KinetiX зияткерлік жүйесін игеруде
Жаңалықтар
28.08.2026
Көкшетау – Жамантұз аралығында пойыз машинисі автокөлікпен соқтығысудың алдын алды
Станция тынысы
28.08.2026
Арыс теміржол торабының бүгінгі келбеті
Аймақтар
28.08.2026
Атырауда теміржол саласының бес бірдей мекемесі мерейтойын атап өтті
Аймақтар
28.08.2026
Ақтөбеде 583 шақырым электр желісі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
28.08.2026
Тәлімгерлік мектеп және теміржолшылар династиясы
Жаңалықтар
28.08.2026
Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ
Жаңалықтар / Мұрағат
28.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №68 28 тамыз 2026 жыл
Аймақтар
27.08.2026
Абай облысында Дегелен вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.08.2026
Қызылордада теміржолшылар «Әл-ауқат апталығын» бастады
Жаңалықтар
27.08.2026
Stadler компаниясы Қазақстандағы жаңа өндіріске 14 миллиард теңгеден астам инвестиция салмақ
Әлемде
27.08.2026
Өзбекстанда Қытайдың CRRC компаниясы шығарған алғашқы push-pull пойызы пайдалануға берілді
Инфрақұрылым
27.08.2026
Сингапур Орта дәлізді дамытуға атсалысады
Жолаушылар тасымалы
27.08.2026
Алматы – Ташкент бағытында «Әйелдер вагоны» іске қосылады
Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды
Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Әлемде
26.08.2026
Жапонияда Токио – Нагоя маглев желісінің құрылысы қайта жандануы мүмкін
Жаңалықтар
26.08.2026
Қазақстанда қала маңы электр пойыздары жаңартылады